Мазмұнға өту

Тұлғалық идентити

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әртүрлі уақытта түсірілген әртүрлі бейнедегі бір әйел суреттерінің фотомонтажы

Тұлғалық идентити (ағылш. personal identity) — адамның уақыт барысы мен әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі өзіндік бірлігі мен ұқсастығына қаратылады, әркімнің сол өзі екендігін сипаттайды.[1][2] Тұлғалық идентитиге қатысты пікірталастар негізінен мәлім бір уақыттағы тұлға мен басқа бір уақыттағы тұлғаны бір кісі деп айтуға болатын, уақыт барысында сақталып отыратын тұлғалық қажетті және жеткілікті шарттарды анықтауға бағытталған.

Философияда тұлғалық идентити[3] бір адамды әртүрлі уақыт аралықтарында қалай жеке кісі ретінде анықтауға болатынына қатысты болады: "Не нәрсе бір адамды мәлім бір уақыт пен келесі бір уақытта бірдей етіп тұр?" және осы негізде қалыптасқан сұрақ «Тұлға ретінде біз кімбіз?"

Кезектегі кәсіптік идентитилердің бірігуі біртүрлі гибридті кәсіби идентити қалыптастырды. А, В, С үш түрлі кәсіптік идентитидің түйіскен тұсынан гибридті идентити, яғни қойыртпақ идентити қалыптасқан.

Қазіргі метафизикада тұлға идентитиі мәселесі жеке тұлғаның диахрондық мәселесі деп аталады - яғни, түрлі уақыттың кезеңдерінде бір адамның тұлғалық бірлігінің сақталуы мәселесі.[4] Ал, синхрондық мәселе белгілі бір уақытта тұлғаны қандай қасиеттер мен белгілер сипаттайды (ортақ) деген сұраққа қатысты. Ағылшындық Аналитикалық философия да, Еуропа континентінің Құрлықтық философиясы да идентитидің табиғатын зерттеумен айналысады. Континенттік философия әлем мен оның табиғаты туралы әртүрлі философиялық тұжырымдар, жорамалдар және аңғарымдармен бетпе-бет келгенде, ұғымдық тұрғыда идентитиді сақтауға тырысады.[5][6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Personal Identity (Stanford Encyclopedia of Philosophy)
  2. Identity (Stanford Encyclopedia of Philosophy)
  3. Personal Identity - Internet Encyclopedia of Philosophy.
  4. «Адамның түсінуі туралы эссе» (An Essay Concerning Human Understanding); Volumes 1–3. By Джон Локк
  5. Өздік және метафизика; "идентити, секс және субстанция метафизикасы" (Self and Subjectivity; "Identity, Sex, and the Metaphysics of Substance"). Edited by Kim Atkins. p257.
  6. "Мәдениет теориясы: Антология" (Cultural Theory: An Anthology) Edited by Imre Szeman, Timothy Kaposy. p481. "Identity, Sex, and the Metaphysics of Substance"