Мазмұнға өту

Тоқайтөбе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тоқайтөбебекіністі мекен. Түркістан облысы Отырар ауданы Темір темір жол станциясының оңтүстікнен оңтүстік-батысқа қарай 6 км жерде орналасқан. 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Оның жалпы көрінісі трапеция тәрізді, бір жақ қабырғасы ішіне иілген, оңтүстік жағы 280 м, солтүстік-батысы 260 м, батыс жағы 240 м, солтүстік-шығыс жағы 380 м. Тоқайтөбе айналдыра тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен қоршалған. Бекіністі мекеннің батыс жағындағы бұрышында орталық қорғаны бар, оның биіктігі 5 м, ауданы 80×80 м. Тоқайтөбенің аймағында үш жерде осындай бекініспен салынған тұрақты мекендердің орны байқалады. Алайда олар жартылай бұзылып, егістік жерге айналдырылған. Қазба барысында табылған заттарға қарағанда мекен орны б.з. 1–8 ғасырларына жатады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8