Торғын Жылқышықызы Тасыбекова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Торғын Тасыбекова
Туған кездегі есімі

Торғын Жылқышықызы Тасыбекова

Туған күні

15 тамыз 1938 (1938-08-15)

Туған жері

Ынтымақ ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР

Қайтыс болған күні

18 маусым 2024 (2024-06-18) (85 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Қызметі

актриса

Белсенді жылдары

1961—2024

Амплуа

драма, мелодрама

Театр

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

Марапаттары

Торғын Жылқышықызы Тасыбекова (15 тамыз 1938, Іле ауданы, Алматы облысы18 маусым 2024, Алматы) — кеңестік және қазақ актрисасы. Қазақстан халық әртісі (1991). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Торғын Жылқышықызы Тасыбекова 1938 жылы 15 тамызда Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Сары Үйсін руынан шыққан.[1]

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факултетін (халық артисі, профессор Асқар Тоқпановтың классын) бітірген.

1961 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін қара шаңырақта қызмет етеді. Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай трагедиясындағы” Мағыш. Торғын әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді.

Сахнадағы негізгі рөлдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Актриса ойнаған рөлдері қатарында Жансұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, “Беу, қыздар-ай”), Айбала (Ә.Тәжібаев, “Той боларда”), Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Әйгерім (Б.Римова, “Абай– Әйгерім”), Ақбала (Әуезов, “Қарагөз”), Әлиман, Бекей (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кеме”), Луфти (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі”), Лаура (А.С. Пушкин, “Шағын трагедия¬лары”), Корина (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Марселла (Лопе де Вега, “Қызғаныштан махаббат”), Бьянка (У.Шекспир, “Асауға тұсау”), т.б. бар. Торғынның актерлік өнері лирикалы-драм. бояуы молдығымен, айшықты, сыңғырлаған сөз сазымен, әдемі сахналық қимыл-қозғалысымен ерекшеленеді.[2][3]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жары: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері (1968–2001 жылдары), Қазақстанның халық әртісі Әшірәлі Кенжеұлы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Құрастырушы авторы А.Байғазыұлы Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Сары Үйсін. Шапырашты — Алматы: Издательство Өнер, 2000. — ? б. — ISBN 5-89840-441-4.
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  3. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2