Мазмұнға өту

Тиын (Қырғызстан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тиын (қыр. Тыйын) — Қырғыз сомының 1/100 бөлігіне тең қырғыз ұсақ ақша бірлігі.

Ұлттық валюта «сомды» енгізу туралы қаулыны Қырғызстан парламенті 1993 жылы 10 мамырда қабылдады. 1993 жылдың 10 мамыры мен 15 мамыры аралығында Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі 1, 5 және 20 сомдық банкноттарды, сондай-ақ 1, 10 және 50 тиындық ұсақ ақшаларды айналысқа шығарды.

Ұсақ ақша, тиын бастапқыда төртбұрышты дерлік пішіндегі банкноттар болды, олар үш атаулы құнмен: 1, 10 және 50 тиынмен ұсынылды.

2008 жылдың 1 қаңтарында белгіленген бағасы 1 тиын болатын коллекциялық шақа және белгіленген бағасы 10, 50 тиын айналымдық шақалар айналысқа шығарылды. Барлық банкноттар мен шақалар Қырғызстан аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие және шығарылған жылына қарамастан төлем құралы ретінде міндетті түрде қабылдануға жатады[1].

Белгіленген бағасы 1 тиын шақасы бірден коллекция ретінде ғана шығарылды[2]. Қазіргі уақытта 1, 10 және 50 тиын банкноттары мен 10 және 50 тиын шақалары қолма-қол ақша айналысында іс жүзінде жоқ[3]. Қырғыз шақалары Қазақстан теңге сарайында соғылады.

Бейнесі Белгіленген бағасы Материалы Диаметрі
(мм)
Жуандығы
(мм)
Салмағы
(г)
Қыры Шығарылған жылы
1 тиын жез 14 0,95 1,0 бұжыр 2008
10 тиын болат, жез
жалат.
15 1,15 1,3 тегіс
50 тиын 17 1,22 1,8
Кескін масштабы — 1 миллиметрде 3,0 пикселді құрайды.

Банкноттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бейнесі Белгіленген бағасы Өлшемі
(мм)
Негізгі түстері Уақыты
Бет жағы Арт жағы шығарылымы алынуы
1 тиын 90×70 қызыл 10 мамыр
1993
1 қаңтар
2008[4]
10 тиын жасыл
50 тиын көк
Кескін масштабы - 1 миллиметрде 1,0 пикселді құрайды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ұлттық валютаның даму кезеңдері. Қырғызстан Ұлттық банкінің сайты [1] Мұрағатталған 16 қаңтардың 2021 жылы.
  2. Қырғызстан Ұлттық банкінің сайтына [2] Мұрағатталған 10 ақпанның 2015 жылы.
  3. Қырғызстан шақалары. 50 тиын [3] Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2013 жылы..
  4. Тыйын никто не отменял.(қолжетпейтін сілтеме)