Мазмұнға өту

Тиса

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тиса
Тиса өзені Венгрияның Сегед қаласы тұсында
Тиса өзені Венгрияның Сегед қаласы тұсында
Сипаттамасы
Ұзындығы 966 км
Су алабының
ауданы
157 мың км²
Су ағысы
Бастауы Ақ және Қара Тиса бастаулары
 • Координаттары 48°04′29″ с. е. 24°14′40″ ш. б. / 48.07472° с. е. 24.24444° ш. б. / 48.07472; 24.24444 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Дунай
 • Координаттары 45°08′09″ с. е. 20°16′20″ ш. б. / 45.13583° с. е. 20.27222° ш. б. / 45.13583; 20.27222 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°08′09″ с. е. 20°16′20″ ш. б. / 45.13583° с. е. 20.27222° ш. б. / 45.13583; 20.27222 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Украина, Румыния, Словакия, Венгрия және Сербия

Тиса, Тисса (мажар. Tіsza, румын. Tіsa) – Украина, Румыния, Словакия, Мажарстан және Сербия жеріндегі өзен. Дунайдың ең үлкен (сол) және суы мол саласы. Ұзындығы 966 км, су жиналатын алабы 157 мың км². Шығыс Карпаттағы Ақ және Қара Тиса бастауларынан басталып, Орта Дунай жазығымен ағады.

Басты салалары: Самош, Кереш, Марош. Қар және жаңбыр суымен толығады, көктемде тасиды. Орташа су ағымы 810 м3/с. Қыста 2 – 3 ай қатады. Жер суаруға пайдаланылады. Бойында СЭС бар. Жағалауында Сольнок, Сегед қалалары (Мажарстан) орналасқан. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том