Технофобия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Технофобия - (грек. technē -техника, грек. phobos - қорқыныш) - техникалық прогресті теріс қабылдау, техникаға үміт артудан гөрі оның әкелер қауіп-қатерін үрку, техниканы адамның тануы деп санау. Технофобия идеологиясы адамзатты жөн-жосықсыз тұтынушылық жолында техниканың құлы болып, соның бір тетігіне айналып кетуден сақтандырудан туындайды. Технофобия адамның жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін техника жоққа шығарады деп үрейленеді. М.Голдман, Дж.Фостср, Д.Медоуз өздерінің Технофобиялық концепцияларында экологилық кризис себептерін ғылыми техникалық төңкерістен табады. Олар техиологиялардыд дамуын осы қазіргі деңгейден ары асырмау керек, тек сонда ғана әлемде табигат пен техника арасындағы тепе-тендікті ("глобальді теп-теңдікті") қалыптастыруға болады деп түсіндіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8