Таспа өсімдіктері
Таспа(Astragalus) – бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін, бұта, бұташық өсімдіктер. Солт. жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында тараған 2 мыңға жуық түрі бар.
Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін 314 түрі белгілі. Шалғынды далада, шөлді жерлерде, қиыршық тасты тау баурайында, құлама топырақ шөгіндісінде өседі. Биіктігі 15 – 100 см, сабағы түзу, түкті. Жапырағы сыңар қауырсын пішіндес. Тостағанша жапырақшалары түтік не қоңырау тәрізді. Гүлі сары, қызыл, ақ, кейде сарғыш түсті, олар шашақ, көбінесе масақ немесе шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – бұршақ, екі, кейде бір ұялы.
Таспаның көпшілік түрі – мал азықтық және дәрілік өсімдіктер, біраз түрі қолдан егіледі. Құрамында алкалоид, глюкозид не сапонин болады, улы түрлері де бар. Қазақстанда Таспаның 75 түрі эндемиктер, 11 түрі өте сирек кездеседі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |