Сызықтық бағдарламалау
Сызықтық бағдарламалау — математикалық бағдарламалаудың бір саласы.
Сызықтық бағдарламалау анықталған жиында сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі арқылы берілген сызықтық функцияның экстремумдары жайлы есептерді шешудің тәсілдері мен теориясын қарастырады. Теңдеулер мен теңсіздіктердің кейбіреуі немесе экстремумы ізделініп отырған функция сызықтық емес болса, онда мұндай есептер сызықтық емес бағдарламалауға жатады.
Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есептерінің бірі , і=1, …, m, xj≤0, j=1, …, n (мұндағы сj , аij және bi – берілген сандар) шарттарын қанағаттандыратын сызықтық функциясының максимумын табу.
Сызықтық бағдарламалаудың мәні — әрекеттердің тиімді бағдарламасын құру есептерін шешу. Осыған орай сызықтық бағдарламалауды операторларды зерттеуде қолданылатын математикалық тәсіл ретінде де қарастыруға болады. Сызықтық бағдарламалау есептері технологиялық-экономикалық мазмұндағы көптеген есептердің математикалық моделі болып табылады. Сызықтық бағдарламалау мен сызықтық емес бағдарламалау есептері өндіріс пен ғылымның көптеген салаларында (мысалы, экономика, жоспарлау, өндіріс технологиясы, т.б.) кездеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |