Мазмұнға өту

Стэнли кубогы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Стэнли кубогы
Шынайы атауы Stanley Cup
Мемлекет Канада және АҚШ
Соңғы иегері Колорадо Эвеланш
Барынша ұсынылған Монреаль Канадиенс
(24 рет)
Сайты NHL.com

Стэнли кубогы (фр. La Coupe Stanley, ағылш. Stanley Cup) — жылда ойналатын Ұлттық Хоккей Лигасы плей-оффының жеңімпазына табысталатын жүлде.

Бұл хоккей кубогына Канаданың генерал-губернаторы Фредерик Стэнлидің аты берілген.

Алғашқыда лорд Фредерик Стэнли бұл жүлде жыл сайын Канаданың үздік әуесқой хоккей тобына берілуі тиіс деп бұйырған. Күмістен жасалған кубоктың биіктігі 18,5 сантиметр болған.

1893 жылы кубоктың алғашқы иегері болып Монреаль хоккей клубы атанды.

1908 жылдан бастап жүлдені тек кәсіби хоккей топтарына беретін болған.

1927 жылдан бастап кубок тек НХЛ аясында ойнатылатын болды, бұған дейін оған әртүрлі чемпионаттардың клубтары үміткер бола алған.

1958 жылы кубоктың күміс пен никельден құйылған көшірмесі жасалды. Оның салмағы 15,5 килограмм, ал биіктігі 90 сантиметрге жуық болды, ол үлкен цилиндрлік негізге орнатылды. Сол цилиндрге бес құрсау салынады, құрсауларға жеңімпаздардың есімдері қашалады. Әр құрсауға 13 топтың хоккейшілерін белгілеп қоюға болады. 1991 жылы бүкіл құрсаулар толтырылып, бос орын қалмады. Бұл жағдайда үстіңгі құрсау шешіліп, астынан жаңа құрсау қосылады, шешілген құрсау ХШХФ Даңқ залына сақтауға беріледі.