Сержан Ақынжанов
Ақынжанов Сержан (3.9. 1939, Алматы - 16.8.1991, Тараз) — ғалым-археолог, тарих ғылымдарының кандидаты (1973).[1]
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1964) үздік бітіргеннен кейін ҚазКСР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында қызмет істеді.
Ақынжанов “Қыпшақтар және олардың 11-13 ғ-дың басындағы Хорезммен өзара саяси қатынастары” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Отандық тарих, археология, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениетіне арналған 50-ден астам ғылыми еңбек жазды. “Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар” атты қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары мен мал шаруашылығы түрлері жөніндегі көлемді монографиясы жарыққа шықты (1989, 1995). Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясына, Шульба археологиялық экспедициясы (1982 — 1986), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына (1985), сондай-ақ Қазақстан археологиясы тарихында тұңғыш құрылған қазақ-американ халықаралық археологиялық-этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этногрия институтының археологиялық технология зертханасын басқарды.
Ақынжанов Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапты.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |