Семен Семенович Макаров
Семен Семенович Макаров (1902-1972), таукен машиналарының конструкторы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1960). 1926-1941 ж. Донбастың әр түрлі шахталарында слесарь, көмірді ойып үгетін машинаның машинисі, бас механик. 1941-42 ж. Тау-кен шахта-жабдықтарын Донбастан Қарағандыға көшіруді ұйымдастырушылардың бірі. 1942-45 ж. №31 Қарағанды шахтасының бас механигі. 1945-1953 ж. Қарағандыдағы кен техникасын жасау және жетілдіру жөніндегі арнаулы конструкторлық бюроның жетекшісі. 1953-1964 ж «Гипроуглегормаш» институтының бас конструкторы, 30-дан астам ғылыми еңбек пен өнертапқыштық ұсыныстардың авторы. 194445ж. ГМК-1 (Мақаров кен комбайны) көмір комбайнынжасапшығарды. 1947 ж. Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында 24 ГМК-1 комбайны тиімді жұмыс істеді, соның нәтижесінде бассейнде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жетті. М. сондай-ақ ГМК-2, КМ-6 М, КМ-4М көмір көмбайндарын, УДП-2 көмір қопарып, тиейтін машина т. б. жасады. 2-сайл. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1948). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Облыстық өлкетану мұражайында Макаров еңбектері қойылған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |