Селитралар
Көрініс
Селитралар (лат. sal — тұз, nіtrum — сілті, табиғи сода) — аммоний, натрий, калий мен сілтілік жер металдардың нитраттары.
Ең маңыздысы және көп тарағаны — натрий селитрасы (Чили селитрасы). Оның ең көп қоры Чилиде, аз мөлшерде АҚШ, Колумбия, Африка, Аргентина, Орта Азияда кездеседі. Селитралар табиғатта бактериялар әсерінен органикалық қалдықтардың шіруі нәтижесінде түзіледі. Селитралар көбіне азотты тыңайтқыштар ретінде, оқ–дәрі жасауда, химия өндірісінде, медицинада, аммиак (аммоний) селитрасы техникада қопарғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |