Мазмұнға өту

Сарысу (өзен)

Координаттар: 45°10′20″N 66°44′2″E / 45.17222°N 66.73389°E / 45.17222; 66.73389
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сарысу
Сарысу өзені
Сарысу өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 800 км
Су алабының
ауданы
81 600 км²
Су ағысы
Бастауы Жақсы Сарысу, Нарбақ, Шотан өзендерінің қосылуынан
 • Координаттары 48°47′38″N 72°1′57″E / 48.79389°N 72.03250°E / 48.79389; 72.03250 (T)
Сағасы Телікөл
 • Координаттары 45°10′20″N 66°44′2″E / 45.17222°N 66.73389°E / 45.17222; 66.73389 (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ұлытау облысы, Қызылорда облысы

СарысуТелікөл алабындағы өзен.

Сөз төркіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атаудың Сарысу аталуы "оның суының молдығы мен ұзақ жерге ағуына байланысты" болса керек. Топонимдер құрамындағы сары сөзі негізгі ("түр", "түс" мағынасынан бөлек) "үлкен, ірі, зор" мәнінде қолданылатыны белгілі. Осыған ден қойсақ, Сарысу "үлкен, ірі өзен" деген мағынаға сай ��еледі.[1]

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды, Қызылорда облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км².

Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өзені қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді. Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Құрманақа, Талдыманақа, Құмдыеспе, Қаракеңгір. Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылдамдылығы 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төм. ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Телғожа Жанұзақ Жер-су атаулары — Алматы: "Өнер", 2011. — 496 б. — 3000 таралым. — ISBN 978-601-209-161-8.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.