Сарыбасқурай
Сарыбасқурай | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
Several, see text |
Сарыбасқурай (лат. Sisymbrium) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 20 — 100 см.
- Сабағы тік.
- Жапырақтары қауырсын салалы, шеті иректелген, сырты түкті.
- Гүлдері сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғырына топталған.
- Маусым — шілде айларында гүлдеп, жеміс салады.
- Жемісі — бұршаққын.
Өсетін жері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарыбасқурайдың бірнеше түрі бар:
- Дәрілік сарыбасқурай (Sіsymbrіum offіcіnale) - Алтайда, Іле Алатауында жиі кездеседі.
- Лезелиев сарыбасқурайы (Sisymbrium loeselii), өзгергіш Сарыбасқурай, биік Сарыбасқурай) — жақсы мал азықтық шөптер, олардан сүрлем дайындалады. Кейбір түрлері улы.
- Шалатікенді сарыбасқурай (Sіsymbrіum subspіnescens) — эндемик түр деп саналады.
Сарыбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%-ға дейін май болады.[1]
Емдік қасиеті және қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәрі жасау үшін сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Негізінен оны жас күйінде пайдаланған дұрыс, кептірілген өсімдіктің дәрілік қасиеті кемиді. Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрілік сарыбасқурайды көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қоладанады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады.[2]