Салоники
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Салоники немесе Селенік - Грекиядағы қала Б.з.б. 315 ж. Македония патшасы Кассандр негізін қалады.
Орта ғасырға дейін Фессалоники (Фессалоника) деп аталған. Византия дәуірінде Константинопольден кейінгі маңызды қаланың бірі болды. Салоникиден славян ағартушылары Кирилл мен Мефодий шықты. Салоники талай рет басқа халықтар шапқыншылығына ұшырап, талан-таражға түсті. 1912-1913 ж. Балқан соғысынан кейін Салоники Грецияға қарады. Салоникиде рим және византия дәуірінің көптеген ескерткіштері (Дмитрий, Апостолдар шіркеулері, София ғибадатханасы) сақталған. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 626 бет