Мазмұнға өту

Сайынғали Жанғалиұлы Темірғалиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Темірғалиев Сайынғали Жанғалиұлы (2.7.1934 жылы туған, Ресей, Новосибирск облысы, Черепаново ауданы, Белово селосы) – педагог, экономика ғылымдарының кандидаты (1980), доцент (1997).Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1957), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетіті) және Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық политехникалық институтының энергетика факкультетін (1966) бітірген. «Карагандашахтострой» комбинатында шебер (19571959), Қазақстан ҒА Кен ісі ғылыми-зерттеу институтында аспирант (19591961), Алматы қаласындағы жобалау мекемелерінде инженер-жобалаушы, аға инженер, бас маман (19611974), Қазақ автомобиль көлік жобалау ғылыми-зерттеу институтында бас инженер (19741984), «Средазкурортпроект» институтының директоры (19841989), Мәскеу «Гипроцветмет» институтының қазақ бөлімшесінің директоры (19891991), Қазақ политехникалық институтының проректоры (19911996), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент. «Оптимальное размещение станций технического обслуживания легковых автомобилей» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның («Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі», 2000; «Экономикалық есептер», 2002; «Экономикалық дәрістер», 2004) және 5 оқу-әдістемелік құралының авторы. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы" , 7 том