Мазмұнға өту

Рысбай Құрманұлы Өтешев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рысбай Құрманұлы Өтешев 1959 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Исатай ауданының Ақбар ауылында туған. Қазақ. Батыс Қазақстан ауыл-шаруашылық институтын бітірген (1986), мамандығы - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру». Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1977 жылдан - Ақтөбе облысы Исатай ауданының «Ақыраб» кеңшарында есеп жүргізуші. 1978 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1980 жылдың шілдесінен - «Ақыраб» кеңшарында жұмысшы. 1980 жылдың желтоқсанынан - Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты дайындық бөлімшесінің тыңдаушысы, 1981 жылдан - институт студенті. 1986 жылдан - «Көшімсуқұрылыс» тресінің 34-ЖМК механигі (Орал қаласы). 1987 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өндірістік бірлестігінің инженері, жетекші инженері (Орал қаласы). 1990 жылдан - Орал қаласындағы қонақ үй шаруашылығы бірлестігінің бас инженері. 1992 жылдан - көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының директоры (кейіннен - «Спецавтобаза» МКК, Орал қаласы). 2004 жылдың тамызынан - Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың мамырынан бері - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі. Үйленген. Жұбайы - Шөкеева Ақмарал Тасболатқызы. Қыздары - Өтешева Лола Рысбайқызы, Өтешева Ләззат Рысбайқызы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2