Рубен Суренович Андриасян
Рубен Суренович Андриасян | ||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||
Туған жері | ||||||
Қайтыс болған күні | ||||||
Қайтыс болған жері | ||||||
Азаматтығы | ||||||
Мамандығы | ||||||
Белсенді жылдары |
1963—2022 | |||||
Марапаттары |
|
Рубен Суренович Андриасян (31 қазан 1938, Нальчик — 25 мамыр 2022) — режиссер, педагог, Қазақстан халық әртісі (1992).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкесі - Андриасян Сурен Николаевич (1904-1956). Анасы - Андриасян Анна Лезеревна (1908-1992). 1963 жылы театр және телевизия режиссурасы бойынша Ереван мемлекеттік театр-көркемөнер институтын бітірген.
Еңбек жолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1963-65 жылдары – Қызылорда облыстық қазақ драма театрының бас режиссері.
- 1965-66 жылдары Қостанай облыстық орыс драма театрының, 1966-72 жылдары Қарағанды облыстық орыс драма театрының бас режиссері болып, орыс және шет ел драматургиясы бойынша көптеген спектакльдерді сахнаға шығарды.
- 1972-74 жылдары - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының режиссері.
- 1974-1983 жылдары - Жасөспірім көрермендер театрының бас режиссері.
- 1983 жылдан бастап – М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі.
- 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының жарық шеберлігі және режиссура кафедрасының профессоры.
Қойылымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]“Тифлистегі үйлену тойы” (А. Цагарели, 1974), “Жас гвардия” (А. Фадеевтің романы бойынша, 1975), “Маусымдағы қоштасу” (А. Вампилов, 1975), “Жанасу” (Р. Ибрагимбеков, 1975), “Еске алу дұғасы” (Шолом-Алейхом, 1990), “Сирано де Берже рак” (Э. Ростан, 1983), “Ит жүрегі” (М. Булгаков, 1988), “Ағайынды үш қыз” (А. Чехов, 1992), “Сараң” (Ж. Мольер, 1994), “Эзоп” (Г. Фигей редон, 2000) “Ымырттағы махаббат” (Г. Гауптман, 2002), т.б. спектакльдер.[1]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еңбек Қызыл Ту
- Достық (РФ)
- «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
- ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.
- ҚР Халық әртісі.
Жұбайы - Андриасян Валентина Ивановна (1946 жылы туған), педагог. Ұлы - Андриасян Армен (1967 жылы туған); қыздары - Анна (1969 жылы туған), Карина (1980 жылы туған).[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 656 б. ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
- Pages with image sizes containing extra px
- 31 қазанда туғандар
- 1938 жылы туғандар
- 25 мамырда қайтыс болғандар
- 2022 жылы қайтыс болғандар
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қазақстан халық әртістері
- Ресейде туғандар
- Қазақстан армяндары
- Қазақстан режиссёрлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры тұлғалары
- Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары