Рок-н-ролл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рок-н-ролл (ағылш. rock and roll или rock'n'roll — «қозғал және ауна») — 1950 жылдардың ортасында кең тарала бастаған, танымал музыка жанры. Ритм-н-блюз және кантри секілді афроамериканды және "ақ" жанрлардың қосындысынан пайда болды. 

Оған қоса ақ орындаушылар стилі "рокабилли" деген атауға ие болды.

Ерекшеленетін белгілері:

Электрогитара, контрабас, соқпалы музыкалық аспаптар, фортепиано және саксофон - осы жанрда ойналатын дәстүрлі аспаптар. Рок-н-ролл үшін  4/4 (төрт те төрт) өлшем бірлігі сай келеді. 1960 жылдары рок-н-ролл кең таралып кеткені соншалық, жаңа, жеке "рок-музыка" деп аталатын жанр пайда болды. 

Қайнар көзі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рок-н-ролл даңқының мұражайы мен залы қасындағы ескерткіш белгі; Огайо.

Рок-н-ролл америкалық музыканың түрлі стильдерінің қосындысынан пайда болды. 1950 жылдары америкалық музыканттар ритм-энд-блюз, буги-вуги, кантри және госпел жанрларын араластырып, жаңа әуендер шығара бастады. Билл Хейли өзінің кантри, джаз және буги-вуги жанрларында құралған ырғақты әндерінде афроамерикандық сленгтер мен буги-вуги ырғақтарын қолданды.

Терминнің пайда болу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Рок-н-ролл» терминін Клевалэнд қаласының күшті диск-жокейі Алан Фрид енгізді деп есептелінеді. Ол сол кезеңдегі АҚШ-тың консервативті қоғамындағы тойтарысқа қарамастан, жаңа музыканың өркендеуіне үлкен үлесін тигізді. Рок-н-ролл қазіргі заманғы танымал әндердің ең алғашқы стилі болып табылады. Бұл жанрда ақ пен афроамериканды орындаушылар бір-бірімен тең болатын еді. Осының арқасында сол кездерде болған нәсілдік кемсітушілік азайды.

Осы жанрда жазылған әндерден басқа, ерте рок-н-ролл орындаушылары халық әндерін, ескі блюз-, кантри- және джаз-композицияларын рок-н-ролльдық стильде орындайтын еді.

Ерте жазбалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1949 жылы афроамерикандық орындаушы Вайнони Харрис «рок-н-ролл» сөзін музыкаға қатысты қолдана отырып, «All She Wants to Do Is Rock» деп аталатын ән жазды.

Бұл стильдің анық басталған уақыты белгісіз болғанмен де, зерттеушілер алғашқы рок-н-роллды 1951 жылғы ритм-н-блюздық Айк Тёрнердың группасымен наурыз айында жазылған «Rocket 88» әніне береді.

Cонымен қатар aлғашқы рок-н-ролл деп Фэтс Доминоның «The Fat Man» әнін[1][2], Билл Хэйлидің «Rock the Joint» (1952) және «Rock Around the Clock» (1954) әндерін және Элвис Преслидің «That’s All Right, Mama» (1954) әнін санайды.

Билл Хэйлидің 1954 жылдың 12 сәуірінде жазылған «Rock Around the Clock» әні мен  «Shake, Rattle and Roll» әні рок-н-ролл үшін үлкен рөл ойнады. Сол кезде "рок-н-ролл" термины әлі де танылмаған болғандықтан, «Rock Around the Clock» пластинкада фокстрот деп жазылды.

Кантри-музыканың әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1950 жылдары кантри музыканттары да рокнроллға көңіл бөлді. Кейбір кантри музыканттары рокнролл жанрында әндер жазды. Мысалға Боб Уиллстың «So, Let's Rock» (1956) , Хэнк Пеннидің «Rock of Gibraltar» (1956) және Текс Уильямстың «Every Night» (1957) әндері. Кей жас кантри−орындаушылар өз әндерінде дәстүрлі фиддл және аккордеон аспаптарын қолданды.

1950 жылдарға дейін вестерннің ақ стилдерін, хиллбилли мен хонкитонк жанрларын афроамериканды буги–вуги мен блюзбен келістіріп ойнатып жүрген музыканттар рок–н–роллға оңай кірісіп кетті. Мысалға: Линк Дейвис, Хардрок Гантер және Рой Холл. Әсіресе танымал болған − Билл Хейли, рок–н–роллдың жұлдызы атанды.

Рок–н–роллдың жас пионерлері Хэнк Уильямстың, Билл Монроудың танымал кантри әндеріне аранжировкалар жазатын болды.

Ритм-н-блюздың әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ритмнблюздың әсері рокнролл үшін өте маңызды[3]. Көптеген рокнроллдың пионерлері афроамерикандық орындаушылардың әндеріне кавер жазатын болды.

Профессионалды, әрі сәтті композиторлардың бірі Джерри Либер және Майк Столлер, Отис Блэкуэлл болды. Алайда көбінесе орындаушылардың өздері әндерді шығаратын болды.

Жанрдың өркендеуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Билл Хейли, 1958 жыл

Рокнролл орындаушыларының көп бөлігі мансабын 1950 жылдары бастаған, рокабилли стилінде ойнаған ақ нәсілді жасөспірімдер болды. Олардың қатарына Джонни Бёрнетт, Санни Бёрджесс, Чарли Федерс кірді. Билл Хейлидің группасының арқасында рокнроллдың классикалық стилі пайда болды. Ал рокабилли стилі Элвис Преслидің триосымен жазған алғашқы әндерінің арқасында өркендеді.

Сонымен қатар рокнроллға үлесін қосқан американдық орындаушылардың ішінен Луи Джорден көрінеді.1956 жылы "Rock'n'Roll" альбомын жазды. Одан да жас афроамерикандық орындаушылар 1950 жылдардың басында ақ нәсілді жастардың арасында танымал бола бастады. Мысалға Литл Ричард, Фэтс Домино, Чак Берри, The Platters вокальдық ансамблі , Deep River Boys және The Treniers.

Рокнроллдың жаршысы деп осы күнге шейін Элвис Преслиді санайды. 1956 жылы "рокнролл ханы" деп аталған Элвис Пресли тек АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлемге музыкалық және стильдік жағынан үлкен үлесін тигізді.

Элвис Преслидің коммерциялық өркендеуінен кейінрокнролл дереу кинематограф пен көптеген лэйблдердің қызығушылық объектісі бола бастады. Олар жас орындаушыларды өздеріне тарта бастады. 1956-1957 жылдары рокнролл әншілерінің саны көбейе бастады. Жаңа әншілердің бірлері: Карл Перкинс, Джерри Ли Льюис, Бадди Холли, Эдди Кокран. Инструменталды рокнроллда ерекше орынды Линк Рей алды. Оның «Rumble» атты әні гитарлы музыкаға үлкен әсерін тигізді. 1950 жылдардың екінші жартысында рокнролл АҚШтағы музыкалық индустрияда ең көп сатылымға ие болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Shmoop.
  2. Dempsey, Jennifer.
  3. Ciment, James. The birth of rock and roll. Atlas of African-American History, Revised Edition. New York: Facts On File, Inc., 2007