Портал:Эстония
Эстония порталы
Эстонияның құрамына 1500-ден астам (оның ішінде Моонзунд топаралы да бар) арал кіреді. Аумағы - 45,1 мың км², халқы - 1,48 млн. (2003), оның 63,9%-ы – эстондар, 29%-ы – орыстар, 2,7%-ы – украиндар, 1,6% – беларустар, 1%-ы – финндер, т.б. Дінге сенушілердің басым бөлігін лютеран дініндегілер құрайды, православие дініндегілер де бар. Халқының 70%-ы қалаларда тұрады, неғұрлым ірі қалалары: Таллин, Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пярну. Астанасы – Таллин қ. Ресми тілі – эстония Әкімш.-аумақтық жағынан 15 уезден (маакондтан) және орт. бағыныстағы 6 қаладан құралады. Конститутция бойынша мемлекет басшысы президент, ал жоғары заң шығарушы органы – Рийгикогу (бір палаталы парламент). Ұлттық мерекесі – Эстонияның тәуелсіздік күні, 24 ақпан (1918). Эстония БҰҰ-ның (1991), Еуропалық кеңестің (1993), Еуропалық Одақтың (2004) мүшесі. Ақша бірлігі – эстон кронасы.
Үздік мақала
Эстондар (өзд. атауы – ээстласед) – Эстонияның жергілікті халқы. Ресей, АҚШ, Латвия, Канада, Украина, Швеция, т.б. елдерде де тұрады. Жалпы саны – 1,1 млн. адам (2006). Антропол. жағынан үлкен еур. нәсілдің атлант-балтық тобының батыс және шығыс балтық типтеріне жатады. Орал тілдері шоғырының финн-угор тобының эстон тілінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген. Діні – протестант (лютеран). 18 ғ-ға дейін маарахвас аталған Э-дың ата-бабалары шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасында қазіргі Эстония жеріне қоныстанған. Олар мұнда келгеннен кейін жергілікті балтық-финн және басқа да тайпалармен араласып кетті. Б.з.б. 3-мыңжылдықтың аяғында Балтық маңына Эстондардың арғы ата-бабаларының тағы бір бөлігі келіп қоныстанды. Кейіннен олар да көршілес финн-угор, герман және славян тайпаларымен мәдени-экон., саяси байланысқа түсті (қ. Эсттер).
Үздік сурет
Білгенге маржан…
Жаңа мақалалар
Таңдалған тұлға
Эйно Баскин (1929 жылы 17 маусымда (Эстония) Таллинде дүниеге келген) — эстон, совет театр- және киноактері және еврей текті режиссер. Эйно Баскин актер Хирш Баскиннің ��тбасында дүниеге келеді. Эстонияның неміс қозғалысы кезінде Ресейге жер 1951 жылы Эстония КСР-ның мемлекеттік театр институтын бітіреді. 1951—1957 жылдары Виктор Кингисепп атындағы Таллин драма театрында актер болады. 1958-1961 жылдары Ленинград театр сахналарында ойнайды. Ал 1961-1964 жылдары Эстония КСР-ның мемлекеттік филармониясы ауызша сөйлеу жанрының әртісі болады.
Санаттар
Мақалалар
Мен қалай көмек көрсете аламын
Жобалар
Жобалар
Викиқор | Викисөздік | Викитека | Викидәйек |
Бұл порталды толықтырып, Уикипедияға көмектесуге шағырымыз. Жобаның қатысушылары