Пионер (Ұлытау облысы)
Ауыл | |
Пионер | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Кенттік әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°52′42″ с. е. 66°21′16″ ш. б. / 47.87833° с. е. 66.35444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°52′42″ с. е. 66°21′16″ ш. б. / 47.87833° с. е. 66.35444° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1936 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼119 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
20 |
Пионер шекарасы
|
Пионер — Ұлытау облысы Ұлытау ауданы, Ақтас кентіне қарасты ауыл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 98 км-дей, жан-жағын ұсақ шоқылар, қыраттар, төбешіктер алып жақан далалы жайылымдық жерде, жасанды су қоймасы - тоғанның іргесінде қоныстанған.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 180 адам (95 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 172 адамды (88 ер адам және 84 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 119 адамды ( ер адам және әйел адам) құрады.[2]
Ауыл тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пионер ауылының тұрғындары бұрынғы Байқоңыр колхозының колхозшылары. Ақтастан Көктөбеге дейін жағалай қыстақтар болған. Пионердің бұрынғы аты “Тоған”, 1936 жылдары қоларба, қапшықпен мұрап Қыпшақбайдың басқаруымен топырақ тасып тұрғызылған. Байқоңыр колхозшыларының балалары “Школ” (атауы мектепке байланысты аталған) қыстағына қатынап оқыған. 1953-1954 жылдардан бастап, Байқоңыр көмір шахтасының жабылуына байланысты, мектеп ағылшындар салған теміржолшылар барағына көшірілген. Интернат, дүкен болған. Байқоңыр колхозшылары сиыр бағумен, егін егумен айналысқан. Құлынбетте 20 га, Жосада 10 га егін егіп, қол еңбегімен жүргізіліп мол өнім алған. 1956 жылы үкімет араласып тоған қайта жөнделді. Тоған салу мақсаты бақша егу көзделгендіктен туындаған. 1958-1959 жылдары “Тоған” Пионер аталып ферма орталығы болған. 1973 жылы Жезқазған облысы болған соң көтерме жол салынып, 1977 жылы су құбыры тартылды. Латвиядан студенттер келіп жоғарғы кернеулі тоқ жүйесінің бөренелерін орнатты. 1978 жылы Пионер совхоз орталығы болады деп жоспарланып жаңадан 11 үй салынды. 1982 жылы селолық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Келешекте Пионер ауылы осы тоғанның іргесін көтерген Қыпшақбай атаның атымен аталмақшы.
Оқу-ағарту ісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Байқоңыр колхозында мектеп 1937 жылдан бастап бастауыш мектеп болып ашылған. 1939 жылдан 1941 жылға дейін Сыздық, Мағауия деген мұғалімдер дәріс берген. 1941-1948 жылдар аралығында Бимағанбетов Кенжемұрат деген мұғалім болған. 1948 жылдан 1953-1954 оқу жылдарында Қадыр, Ерғали, Нәби деген ұстаздар жұмыс істеді.
Пионердегі жеті жылдық мектептің директорлары:
- Бекдайыров, одан кейін Шарипов Мақсұт 1961 жылға дейін ұстаздық етіп мектеп басқарды.
- 1961 жылдан 1976 жылға дейін Хамит Сакеев директор болды.
- 1976 жылдан 1979 оқу жылы аралығында Нұраш,
- 1979-1986 жылдары Ерғазы Наурызбаев басқарды.
- 1986-1988 жылдары Асанов Қайрош.
- 1988-1991- Еділбаев Абдіқадір
- 1991-жылдан бері Наурызбаев Ерболат басқарып келеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1941 жылы соғыс басталғанда барлық ер азаматтар майданға аттанғанда олардың орнын қарттар, әйелдер мен жас балалар басты. "Тылдың өзі мылтықсыз майдан еді", - дейді сол жылдары 8-ақ жаста болған Күлзағира шешей. Бәрі де майдан үшін деген ұран құран сөзіндей естіліп, екпіні тау мен тасты жарып тұрған сәтте ешкімнің де бұл қасиетті міндеттен ештеңені аянып қалмайтыны аян еді. Тылдың да майданға бергісіз болғаны айғақ. Сол кездері майданға аттанған ер азаматтардың көбісі оралған жоқ. Отан қорғау жолында жандарын құрбан етті. Соғыс ардагері 90 жастағы Искендиров Мұхамедия атайды ауыл болып ардақ тұтады.
Пионер ауылынан Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқандар:
01. Ақдәулетов М. | 02. Аққошқаров Ә. | 03. Алтынбаев Қ. | 04. Асатов Ә. | 05. Амантаев Б. |
06. Аубакиров М. | 07. Әлімбаев Ә. | 08. Әлмағанбетов Ж. | 09. Әшенов Н. | 10. Әтеев Н. |
12. Байқұлов Қ. | 13. Баййназаров | 14. Бақбергенов М. | 11. Байқұлов М. | 15. Баржақсин М. |
16. Батырбеков С. | 17. Бекетаевв М. | 18. Бекмурзин Н. | 19. Баймағанбетов | 20. Білімжанов М |
21. Бірімжанов М. | 22. Достияров М. | 23. Дүтбаев Т. | 24. Есенбеков Қ. | 25. Есетов С. |
26. Есетов Н. | 27. Есетов Қ. | 28. Есетов Т. | 29. Есмағанбетов Ж. | 30. Есілбаев Ш. |
31. Жаналинов Ә. | 32. Жарасов Д. | 33. Жарасов М. | 34. Жарасов С. | 35. Искендиров М. |
36. Кішкенбаев Н. | 37. Қадіров Т. | 38. Қалиев Қ. | 39. Қасымов А. | 40. Құдабаев Ә. |
41. Құдабаев Қ | 42. Құдабаев Д. | 43. Құтынов С. | 44. Қожахметов И. | 45. Қожахметов М. |
46. Қолғанатов К. | 47. Қозыкенов Ә. | 48. Қазыкенов Ө. | 49. Қонысбаев Т. | 50. Қонысбаев С. |
51. Қонысбаев Б. | 52. Мақалиев Ә. | 53. Маубасов К. | 54. Маубасов А. | 55. Мұқанов М. |
56. Мұхитов Х. | 57. Мыңжасаров К. | 58. Сағындықов Т. | 59. Сауытов Ә. | 60. Сауытов О. |
61. Серікбаев Ә. | 62. Наурызбаев Е. | 63. Оразбаев Б. | 64. Өтегенов Б. | 65. Рахымбаев Р. |
66. Такеев Бекет. | 67. Такеев Есет. | 68. Такеев Ерназар. | 69. Такеев Мұқыш. | 70. Телібаев Н. |
71. Таужанов Қ. | 72. Текенов А. | 73. Тоғызбаев И. | 74. Үсенов Ы. | 75. Шайкамалов Қ. |
Жануарлары мен өсімдіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қысы–жазы балық аулаушылар үзілмейді. Ақбалық, сазан, табанбалық кездеседі.
- Құстан: Аққу, шағала, қаз, үйрек кездеседі.
- Жануарлар дүниесінен: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, зорман, бірен-саран киік кездеседі.
- Өсімдіктер әлемінен: тал, терек, жидек, итмұрын, жеміс ағаштары өседі.
- Далада: жалбыз, қарандыз, адыраспан, т.б. шөптер мен гүлдер өседі.
Экология ахуалы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атам заманнан малға жайылым құйқалы алқап болған Жезді, Ұлытау, Қарсақбай жері бүгінде радиациялық тозаң мен газдың әсерінен қу тақырға айналуда. Арал теңізінің жақындығы оңтүстіктен жел тұрса зиянды тұз тозаңының келетіні белгілі. Көктем шығысымен жер тез құрғап, дауылды жел соғып тұрады. Байқоңыр ғарыш айлағының жақындығы, ”Плесецк”, ”Капустин Яр” т.б. ұшырылатын ракета әуе трассасының жақындығынан да халық көп зардап шекті. Кішітауда кезінде шашылып жатқан ракета сынықтарын жинаған Қызылорданың машиналары Пионер ауылының ортасымен өтіп жүрді. Осы толассыз керуеннің тоқтағанына 1-2 жыл болды. Ауыл жылдарында экологиялық аймақтарды аралаған Қарағанды медицина академиясының ғалым дәрігерлері қан қысымы, қан аздық сияқты аурулардың көбеюін экологиямен байланыстырады. Пионер ауылы да экологиялық аймаққа жатады.
Қазіргі келбеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пионер қазір Ақтас кенттік округіне қарасты шағын ауыл. Ауылда 9 жылдық мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Көшелерге су құбыры тартылған. Ауыл тұрғындарының жекеменшік жерлері, техника түрлері бар. Таяуда 20 номерлік телефон жүйесі қосылады деп күтілуде. Әр үй көктемде ұжымдық бақшаға бөлінген жерге картоп, көкөніс егіп өнім жинайды. Қазіргі таңда ауыл экономикасы жақсы дамып келеді.
Кітапхана жұмысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кітапхана жұмысының жандануы да осы ферманың құрылуына сәйкес келеді. Алғашқы кітапханашы Бекетаев Жарылғас деген адам болды. 1980-1998 жылдары Есмағанбетова Жұмакүл кітапханашы болған жылдарда кітап қоры 15000 шамасында болған. Ол кісінің зейнеткерлікке шығуымен Одақ көлемінде мекемелердің жабылуына сәйкес келіп халықтың рухани қазынасы әркімнің қолында кеткен. 7 жыл үзілістен кейін халық көп шоғырланған жерлердегі мәдени мекемелерді қайтадан ашу туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 2005 жылдың сәуір айында ауыл кітапханасы қайтадан ашылып жұмыс істей бастады. Кітапхана мекемесі азаматтарды жұмыспен қамту бөліміне тіркелген жұмыссыздардан құрылған бригаданың көмегімен жаңадан салынды. Кездейсоқ сақталып қалған 2000 кітап қорына бүгінде жаңа кітаптар қосылып, кітап қоры 2500 –ге жетті.Ауыл тұрғындары аудан көлеміндегі мәдени шаралардан тыс қалмайды. 2005 жылғы өткен аудандық “Асыл әже” байқауы, аудандық, облыстық дәстүрлі Абай оқулары байқауында жүлдесіз оралмайтын оқушыларымыз, Ұлытау ауданының мақтанышы айтыскер ақын Бекмағанбетова Ботагөздің өзі осы шағын кітапхананың кітап қорынан рухани нәр алатыны қуантады.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ "Боздақтар" кітабі, Қарағанды облысы
- ↑ Қарағанды облысы, Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Пионер селолық кітапханасы. Атамекен ауыл энциклопедиясы
|