Мазмұнға өту

Петропавл — Шу темір жолы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

“Петропавл — Шу” темір жолыҚазақстан темір жолының солтүстік ТрансҚазақстан темір жол магистралына жататын “Петропавл — Көкшетау — Астана — Қарағанды — Шу” бөлігі. Бұл темір жол сондай-ақ, Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германия аумақтары арқылы өтетін Солтүстік көлік дәлізінің және Ресей мен Қазақстан жеріндегі темір жол тораптарынан құралған “Үлкен сақинаның” құрамдас бөлігі болып табылады. Жолдың “ПетропавлКөкшетау” бөлігі 1920 — 22 жылдары салынды, ал “Көкшетау — Ақмола” бөлігі 1929 жылы пайдалануға берілді. 1984 жылы “Көкшетау — Ақмола” бөлігі электрленді. Темір жолдың жүк өткізгіштігі мен пойыздардың қозғалыс жылдамдығы бойынша “Петропавл — Көкшетау” бөлігі 2-санатқа (жолаушы пойызының жылдамдығы сағатына 120 км, жүк пойызынікі 70 км), “Көкшетау — Ақмола” бөлігі 1-санатқа (тиісінше 140, 80 км) жатады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энци��лопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том