Мазмұнға өту

Патриша Кларксон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Патриша Кларксон
Patricia Clarkson
Сурет
Кларксон 2009 жылы
Жалпы мағлұмат
Туған күні

29 желтоқсан 1959 (1959-12-29) (64 жас)

Туған жері

Жаңа Орлеан, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1985қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 0165101

Патриша Кларксон (ағылш. Patricia Clarkson, 29 желтоқсан 1959, Жаңа Орлеан, АҚШ) — америкалық актриса.

Патриша Дэвис Кларксон Жаңа Орлеанда 1959 жылы дүниеге келеді. Әкесі мектеп директоры, ал анасы саясатпен айналысатын әйел болатын. Кларксон Нью-Йорк қаласындағы Фордем университетінде драманы оқыған. Оны беспен бітіріп, Йел мектебіне түседі. 1985 жылы Кларксон ең бірінші рет телебағдарламада көрінеді. Екі жыл өткен соң, Брайан Де Пальманың «Неприкасаемые» (1987) фильмінде Кевин Костнер және Шон Коннеримен басты түседі. 1986 жылы Бродвейде ең бірінші рет «Дом голубых листьев» пьесасында өз өнерін көрсетеді. Бір жыл өтісімен, «Восточный стандарт» пьесасында көрінеді. «Смертельный список» (1988), «Ракета на Гибралтар» (1988) и «Стопроцентный американец для всех» (1988) сияқты көптеген фильмдерде кішігірім рөлдерді иеленеді. Патриша «С поличным» (1993), «Джуманджи» (1995), «Высокое искусство» (1998), «Превратности любви» (1998) и «Зелёная миля» (1999) фильмдерінде де түскен. 2002 жылы «Клиент всегда мёртв» сериалына түскені үшін «Эмми» (2002, 2006), «Праздник Эйприл» (2003) фильміндегі Джой Бернс рөлі үшін «Оскар сыйлығы» сыйлықтарының номинанты атанған. Кейін актриса көптеген фильмдерден көрінеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]