Парик
Көрініс

Парик (фр. perrugue) – монтюрге (керекті көлемге шағындап жасалған арнайы кепе) синтетикалық талшықтан, шаштан, қылдан, қылшықтан, шудадан жасалатын кимелі шаш.
Парик Ежелгі Мысыр (Египет), Ассирия мен Вавилонияда, сонымен қатар Ежелгі Грекия мен Римде (б.з.б. 1 ғасырдан) әсіресе әйелдер арасында кең өріс алды. Еуропада 16 ғасырдан белгілі. 18 ғасырда дворяндар мен қызметкерлер парик киюге міндетті болды.
Театр мен кинода парик гримнің бірден бір мәнерлі бөлшегі болып саналады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Wigs |