Париждің I аймағы
Париждің 1-ші аймағы, Arrondissement du Louvre — Париж қаласындағы ең көне муниципалды аймақтарының бірі. Quartier des Halles аймағының құрамына кіретін орамдарының бірі, өз бастауын Орта ғасырлардан алады.
Географиялық орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1-ші Париж аймағы негізінде Сена өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан, бірақ Сите аралының батыс жағы да аймақтың құрамына кіреді. Аймақтың ауданы 183 гектарды құрайды. Бұл Париждегі ең кішкентай аймақтардың бірі. Солтүстікте 2-ші аймақпен шектес, батыста 8-ші, оңтүстікте (қарама-қарсы жағалау) 6-шы және 5-ші, шығыста 3-ші және 4-ші муниципалды аймақтармен шектес.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылдың халық санағы бойынша 1-ші аймақтың халық саны 16 888 адамды құрады. Халық тығыздығы 9 228 адам/км². Бұл Париж қаласының 0,8 % тұрғындарын құрайды.
Жыл | Халқы |
---|---|
1861 | 89 519 |
1962 | 36 543 |
1968 | 32 332 |
1975 | 22 793 |
1982 | 18 509 |
1990 | 18 360 |
1999 | 16 888 |
Орамдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1-ші аймақтың құрамына келесі орамдар кіреді:
Орам | Халқы | Аумағы (га) |
Халық тығыздығы (адам/км²) |
---|---|---|---|
Quartier Saint-Germain-l’Auxerrois | 1 670 | 87,1 | 1 917 |
Quartier Les Halles | 8 980 | 41,2 | 21 796 |
Quartier Palais-Royal | 3 190 | 27,9 | 11 434 |
Quartier Place Vendôme | 3 040 | 27 | 11 259 |
Басқару органдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2008 жылдың наурызында төртінші рет либерал-консервативті Халық қозғалысы үшін одақ партиясының мүшесі Жан-Франсуа Легаре́ (Jean-François Legaret) болып сайланды.
- Мэрияның мекен-жайы:
- 4, Place du Louvre
- 75001 Paris
- Телефон: 01 44 50 75 01
Көрнекті жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Лувр
- Кіші салтанат қақпасы
- Вандом колоннасы
- Консьержери (париж түрме��і)
- Франция банкі
- Париж қор биржасы
- Ле-Аль
- Әділеттілік сарайы
- Оранжери музейі
- Пале-Рояль (Патша сарайы)
- Сент-Шапель
- Жаңа көпір
- Комеди Франсез
- Ритц мейманханасы
- Сент-Эсташ шіркеуі
- Сен-Лё-Сен-Жиль шіркеуі
Саябақтар, алаңдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тюильри бағы
- Пале-Рояль саябағы
- Шатле алаңы
- Риволи көшесі
- Вандом алаңы
- Дофин алаңы
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мэрияның ресми сайты Мұрағатталған 11 сәуірдің 2020 жылы.
|