Мазмұнға өту

Павел Григорьевич Антокольский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Павел Григорьевич Антокольский (1896- 1978), орыс ақыны. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946). Әуезовпен достық-жолдастық қарым-қатынаста болған. Бұл әсіресе Қазақстан жазушылар одағында ұйымдастырылған белгілі бір шаралар кезінде (қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігінде, КСРО ғылым академиясының Әлем әдебиеті институтында өткен жиналыстар мен дискуссияларда) айқын сезілетін. 2-Бүкілодақтық жазушылар съезінде Әуезов Антокольскиймен және М. Рыльскиймен бірге «КСРО халықтары әдебиетін аудару мәселелері туралы» баяндама жасады (1954). Антокольский «Тойға шашу» деген мақаласында (К. Симоновпен бірге; «Жұлдыз», 1977, №9) ұлы жазушының ұлттық әдебиеттің көркеюіне қосқанбаға жетпес еңбегін атап көрсеткен.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8