Оңтүстік Родезия
Оңтүстік Родезия ағылш. Southern Rhodesia (1923–1964) (1979–1980) Родезия колониясы ағылш. Colony of Rhodesia (1964–1965) | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Әнұраны «Құдайым, Пайтшайымды сақта!» | |||||||||
Астанасы | Солсбери | ||||||||
Тіл(дер)і | ағылшын (ресми) Шона тілі және Синдебеле жиі қолданылады, Африкаанс сирек түрде | ||||||||
Ақша бірлігі | Оңтүстік Родезия фунты | ||||||||
Аумағы | 372,518 км² (1904 жылы)[1] | ||||||||
Халқы | 605,764 (1904 жылы)[1] | ||||||||
Басқару формасы | конституциялық монархия | ||||||||
Монархы | |||||||||
- 1936–1952 | VI Георг | ||||||||
- 1952–1970a 1979–1980 |
II Елизавета | ||||||||
Губернаторы | |||||||||
- 1923–1928 | Джон Ченслор (тұңғышы) | ||||||||
- 1979—1980 | Кристофер Соумс (соңғысы) | ||||||||
Премьер-Министрі | |||||||||
- 1923–1927 | Чарльз Патрик Джон Коглан (тұңғышы) | ||||||||
- 1964–1965 | Ян Смит (соңғысы) | ||||||||
Тарихы | |||||||||
- 1890–1923 | Британ компанияларының билігі | ||||||||
- 12 қыркүйек 1923 | Ұлыбритания аннексиясы | ||||||||
- 1953–1963 | Родезия және Ньясаленд Федерациясына айналуы | ||||||||
- 3 наурыз 1970 | Тәуелсіздіктің жариялануы | ||||||||
- 1 маусым 1979 | Зимбабве-Родезия | ||||||||
- 18 сәуір 1980 | Тәуелсіздігі | ||||||||
a. 1970 жылдың 2 наурызынан кейін бұл лауазым Родезия үкіметімен мойындалмаған |
Оңтүстік Родезия (ағылш. Southern Rhodesia) — 1923–1951 мен 1979–1980 жылдары болған Орталық Африкадағы, қазіргі Зимбабве жерінде орналасатын теңізге шыға алмайтын мемлекет. Астанасы — Солсбери қаласы. 1923 жылы Британ Оңтүстік Африка компаниясының территориясынан, Замбези өзенінің оңтүстігіндегі жерінен құрылған мемлекет болатын. Регион Сесил Родстың Британ Оңтүстік Африка компаниясының өтінішімен Британияның билігіне түскен. Бечуаналенд (Ботсвана), Солтүстік Родезия (Замбия), Мосамбик (фр. Moçambique) (Мозамбик) пен Трансвааль Республикасы (қазіргі Оңтүстік Африка Республикасының Лимпопо провинциясы) мемлекеттерімен шектесетін.
Отар 1923 жылы де-юре түрде жарияланды, алайда де-факто ол Британ Оңтүстік Африка компаниясымен ба��қарылатын. 1953 жылы ол Родезия және Ньясаленд Федерациясына айналады, бұл мемлекет тек 1963 жылға дейін қалды. Оңтүстік Родезия 1980 жылға дейін Британияның де-юре отары болып қала берген. Алайда 1965 жылы Оңтүстік Родезия үкіметі тәуелсіздік жариялады. Ол Родезия атты мойындалмаған мемлекеттің пайда болуына әсер етті. 1979 жылы ол өзін Зимбабве-Родезия атымен қайта құрылады, бірақ бұл мемлекет те халықаралық мойындалу деңгейіне жете алмаған. Кейін ол қазіргі Зимбабве мемлекетіне айналады.
Этимологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Родезия Британ Оңтүстік Африка компаниясының иесі Сесил Джон Родстың атымен аталған.
Мемлекет құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстік Родезия ресми түрде Ұлыбританияның өзін-өзі басқара алатын отары. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания Монархы және Генерал-Губернаторы. Үкімет басшысы — Премьер-Министр.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстік Родезия территориясы негізінен Матабеле үстірінде (биікт 1000-1500) орналасқан. Солтүстігін Замбези өзенінің аңғары, батысын Калахари жазығы, оңтүстігін Лимпопо өзеннің аңғары, шығысын Иньянга тауы (биікт. 2596м) алып жатыр. Климаты солтүстік жағында субэкваторлық, оңтүстігінде тропиктік.
Ауаның орташа температурасы қазан айында 21°С-тан 27°С-қа, шілде айында 10°С-тан 17°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-450мм; оңт.-бат. бөлігінде 1250мм-ге дейін жетеді. Оңтүстік Родезия жері ағын су қорына бай келеді; солтүстік және солтүстік-батысынан Гвааи, Саньяти өзендері, оңтүстігінен Лимпопо өзенінің сол салалары,оңтүстік-батысынан Ната өзені, Үнді мұхитына құятын Саби өзені өтеді, өзендері шоңғалды, табалдырықты, кеме жүзуге қолайсыз.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халқының көпшілігі африкандықтар (машона, матабеле және т.б. тайпа өкілдері). Арғы тегі еуропалықтар саналатын тұрғындары 262мың. Елдегі байырғы халқының көпшілігі ауылдық жерде тұрады. Африкандықтар өздерінің жергілікті дәстүрлі діни нанымға сенеді, европалықтар христиан дінінде. Ресми тілі-ағылшын тілі. Қала халқы 2млн.(1973). Маңызды қалалары-Солсбери, Булавайо, Форт-Виктория, Умтали, Шибани.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстік Родезия жерінен табылған археологиялық ең көне бұйымдар палеолит дәуіріне жатады. 14-15 ғасырда мұнда Мономотапа мемлекеті (17 ғасырдың аяғына дейін болған) дәуірлеп тұрады. Археологтар ашқан Зимбабвенің қираған ескі жұрты оның даму дәрежесінің жоғарылығын аңғартады. 18 ғ-да Лимпопо мен Замбези өзендерінің аралығын Машона тайпалары алып тұрады. Бұл араға 19 ғасырдың бірінші жартысында Матабеле тайпалары келді. 19ғасырдың аяғында О.Р. жерінде ағылшын отарлары басып кіре бастады. 1889ж. ағылшын патшайымы Оңтүстік Родезияны және Солтүстік одезияның бір бөлігін басқару жөніндегі әкімшілік билікті Британ Оңтүстік Африка компаниясына (ағылшынның Оңтүстік Африкадағы отарлау саясатын белсене жүргізушілерінің бірі Сесил Родс 1888 ж. құрған) берді. Бағынбаған Матабеле тайпасына қарсы 1893 ж. ағылшын әскерлері соғыс қимылдарын бастады. Елді жаулап алып, Родстың құрметі үшін оған "Родезия" деген ат қойылды. Содан былай африкалықтар жаулап алушыларға қарсы талай рет бас көтерді. 1896-1897 жж. көтерілістер кең өріс алды, бірақ отаршылардың күші тым басым еді.
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстік Родезия — аграрлы мемлекет. Экономикасы мешеу халде болды. Ұлттық табысы негізінен тау-кен өндірісі мен ауыл шаруашылығынан түскен түсімнен құралады. Ауыл шаруашылығына жарамды құнарлы жерлер ақ нәсілдік плантаторлардың қарамағында. Экономика салаларында шетел капиталының, әсіресе Оңтүстік Африка Республикасының ықпалы күшті. Жалпы ұлттық өнімнің 17,3%-і (бұның 11,2%-і еуропалықтар секторында, 6,1%-і жергілікті тұрғындар шаруашылықтарынан өндіріледі) ауыл шаруаш��лығының үлесі (1972ж.).
Денсаулық сақтау ісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 1965-1970жж. әрбір мың адамға шаққанда 48,4 бала туып, 14,4 адам өлген. Ақ нәсілді халықтың орташа өмірі: еркектер үшін 65, әйелдер үшін 70 жас, қара нәсілді халықтың көрсеткіші:еркектер үшін 44,8, әйелдер үшін 47,8 жас, 17,8 мың төсектік 226 аурухана бар, 896 дәрігері, 314 фармацевт, 1654 акушер, 4070 медбике жұмыс істеді (1971ж.). Мемлекеттік бюджеттің 5,7%-і денсаулық сақтау ісіне жұмсалды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы, 1976 ж., Қазақ Совет Энциклопедиясы, 8 том, 506-507 бет.