Орманқунақ
Көрініс
Орманқунақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Adult male
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Pinicola enucleator (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Breeding range of P. enucleator
|
Орманқунақ (Pinicola enucleator) - қампайған жуан тұмсықты және құйрығы ұзын, дене мөлшері қараторғайдай ірілеу (42-65 г) қунақтың бір түрі. Ересек аталықтың қауырсындарында таңқурай түсті рең басымырақ, оны әсіресе басынан, мойнынан және жонының алдыңғы бөлігінен байқауға болады. Аналығында бұл түс - жасылдау сарғыш реңді, ал жас аталықтарда қызылсары - қызғылт түсті болып келеді. Еуразия және Солтүстік Американың тайгасында мекендейді. Қазақстанға ең жақын ұялау орны - Алтайдың шекаралық үлескілері. Қазақстандық бөлігінен де кездеседі. Бұдан басқа орманқунақтың қашығырақ - Қарағандыға, Орынборға, Оралға ұшып баруы мәлім. Жылыстау кезінде шағын топ құрып, бірімен-бірі ысқырық арқылы қиқуласады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Pinicola enucleator. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.