Орда геоботаникалық қорықшасы
Орда геоботаникалық қорықшасы - 1989 ж. жергілікті қамқорлыққа алынған табиғи аймақ. Ол Жасқұс шағылынан Орда ауданындағы Нарын құмның сілемдерін қамтитын 16,4 мың км 2 аумақты алып жатыр. Мұнда әр алуан жусан, бидайық, ақ селеу, қияқ, сүттіген, ши, ебелек, т.б. шөп өседі.
Сортаң жерлерде алабота, бұйырғын, қара жусан кездеседі. Саршұнақ, алақоржын, қосаяқ, жертесер тышқан, түлкі, күзен, т.б. жан-жануарлар, құстардан дала бүркіті, үкі, лашын, торғай түрлері бар. Жазықта киік үйірлері жиі ұшырасады. Осы өңірдегі құм көшкінін тоқтату мақсатында 1890 ж. құрылған Орда орман шаруашылығы алқаптарында қарағай шоқтары, ақ қайындар мен емен ағаштары өседі.[1]
1989 жылы жергілікті қамқорлыққа алынған табиғи аймақ. Ол Жасқұс шатқалынан Орда ауданындағы Нарын құмның сілемдерін қамтитын 16,4 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Нарынның көп бөлігінде биіктігі 10 м, орталық бөлігінде 15-17 м-ге жететін бөлек-бөлек жоталар, кей жерлерінде жекелеген тізбектердің ені мен ашық жерлер2 шақырымнан 10 шақырымға дейінгі созылған. Бұл өңірдің өсімдіктер дүниесі ерекше, себебі бұл өңірдің өсімдіктері зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарын, оның ішінде П.С.Палласты таң қалдырған. Қазір аймақта өсімдіктер дүниесінің 70 түрі кездеседі, олардың көпшілігі тек құмда ғана өсетін және осы жерге бейімделген. Жылжымайтын құмдарда әртүрлі дәнді, ақ жусанды құрама өсімдіктер, бидайық, ақ селеу, қияқ, сүттіген, ши, ебелек, Беккер сұлысына ұл��сады. Ал құмдарды тақыршықтарда өсімдіктер сирейді де, масақтар мен құмаршықтар, құмды жусандар, торқанаттар көзге түседі. Осы өңірдің табиғат жағдайы, шөл жердің жағдайына қарай мұндағы жануарлар дүниесі негізінен сүтқоректілердің мекендеуімен ерекшеленеді. Кең таралғандары саршұнақ, дала алақоржыны, қосаяқ, жер тесерлер мен құмтышқаны. Кеміргіштерден түлкі, дала күзені, т.б. жан-жануарлар, құстардан дала бүркіті, үкі, лашын, торғай түрлері бар. Жазықта киік үйірлері жиі ұшырасады. Мұратсай өзенінің қиылысында суда жүзетін құстар мен су төңірегінде мекендейтін құстар кездеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |