Мазмұнға өту

Орайот

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Орайот
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Carduoideae
Тайпасы: Cynareae
Тегі: Xeranthemum
Карл Линней
түрлері

6 түрі белгілі

Орайот (лат. Xeranthemum) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.


Дүние жүзінде Жерорта теңізінен Оңтүстік-Батыс Азияға дейінгі алқапта өсетін 6 түрі бар. Қазақстанда Жоңғар (Жетісу), Шу – Іле Алатауларының, Батыс Тянь-Шаньның қиыршық тасты тау беткейлерінде, қияларында өсетін 1 түріұзын желайдарлы орайот (X. longіpapposum) бар. Оның биіктігі 10 – 50 см. Сабағы тік, жіңішке, сыртын түк басқан. Көп жапырақты, жапырақтары жарғақ тәрізді, шеттері оратылып жатады. Ашық күлгін түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталып, сабағының ұшында жетіледі. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Тұқымы сыртын ақ түк жапқан ұзынша, қиғаш болады. Орайоттың гүлдерінің бір ерекшелігі – кепкеннен кейін де өзінің пішінін, түсін сақтайды. Сондықтан оларды кептіріп, қысқы гүл шоғын (букет), әдемі гүл тізбегін (гирлянд) жасауға пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том