Ондық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ОндықТүркі қағанаты кезінен орныққан әскери жасақтың ең кіші бөлігі. Әр Ондықтың өз әскери байрақтары болған. Ондықты онбасы басқарған.[1]

Түркілердің әскери құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түркілер әскерінің құрылымы Ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық (түмен), яғни он оқ жүйесінен тұрған. Жасақтың ең кіші бөлігі – Ондық. Бұлар үнемі алдыңғы шепте шолғыншылық қызмет атқарған. Әскерді сан жағынан Ондық жүйеге бөлуді көшпелі қазақ халқы 19 ғасырға дейін өзгертпей сақтап келді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім