Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
2012 жылғы ФУтболдан Океания чемпионатының финалдық матчы (ағыл. 2012 OFC Nations Cup Final) 10 маусым күні Соломон аралдарындағы Хониара қаласында Таити және Жаңа Каледонияның арасында өтті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 10-минутта Стиви Шон Ю енгізді[1].
Жартылай финалда турнир фавортиі Жаңа Зеландияның өзін 2:0 есебімен ұтып финалға шыққан жаңа каледониялықтар финалда гол соға алмады. Осылайша Жаңа Каледония қатарына екінші рет ОФК күміс жүлдегері атанды.
Таити құрамасы турнир тарихындағы не-бары үшінші чемпион. Бұған дейін тек Жаңа Зеландия мен Аустралия ғана чемпион атанып келген.
Осы жеңістен соң Таити құрамасы 2013 жылы Бразилияда өткен Конфедерациялар кубогына жолдама алды.