Мазмұнға өту

Нормативтік акт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

НОРМАТИВТІК АКТ – қоғамдық қатынастың белгілі бір аясын реттеуші құқық нормаларынан тұратын мемл. құжат. Н. а. заңдарда көрсетілген арнайы тәртіпте даярланады және оны тек мемлекеттің арнайы құзыры бар органдары ғана шығарады. Бір мемл. органның басқа мемл. органның құзырына берілген Н. а-іні шығаруға құқығы жоқ. Мыс., заңды тек қана ҚР Парламенті қабылдайтын болса, заң күші бар жарлықты ҚР Президенті шығарады. Н. а-іге заңдар, президент жарлықтары мен өкімдері, үкімет шешімдері мен өкімдері, мин-тер мен агенттіктердің, салалық к-ттердің нұсқаулары мен ережелері, бұйрықтары, жергілікті мәслихаттар мен әкімдердің өз құзырлары шегінде шығарған шешімдері мен өкімдері жатады. Н. а-ілер құқықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады.