Николас Спаркс
Николас Спаркс | |
Nicholas Sparks | |
Туған кездегі есімі |
Николас Чарльз Спаркс |
---|---|
Туған күні |
31 желтоқсан 1965 (58 жас) |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Бағыты |
христиандық, махаббат, трагедия, тағдыр |
Жанры |
роман |
Ресми сайты |
Николас Чарльз Спаркс (ағылш. Nicholas Charles Sparks; 31 желтоқсан, 1965, Омаха, Небраска, АҚШ) — танымал америкалық жазушы, Христиан діні, махаббат, адамның сезімдері жайлы көптеген романдардың авторы. Оның шығармалары шамамен 80 миллион рет сатылған, ал оның 50 миллионы АҚШ-та, 45 тілге аударылған. Қазіргі кезде Николас Спаркс әйелі Кэти Котпен және 5 баласымен Солтүстік Каролина штатындағы Нью-Берн қаласында өмір сүреді.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Николас Чарльз Спаркс 1965 жылы 31 желтоқсанда Омаха қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі - профессор Патрик Майкл Спаркс (1942—1996), анасы- Джил Эммы Марии Спаркс (1942—1989).
1985 жылы, Николас мектепте оқып жүргенінде, «Расставание» романын жазады. Бірақ оны жарияламайды. Оның тағы жарияланбаған «Королевские убийства» атты романы бар. Нотр-Дам университетінде білім алған. 1992 жылы Спаркс Оңтүстік Каролинаның Гринвилл қаласына көшеді. Бас уақытында «Дневник памяти» атты романын жаза бастайды. Екі жыл өтіп, Тереза Парк атты әдебиет агенті байқайды. Бұл роман 1996 жылдың қазан айында шығып, көп сатылатын кітаптардың бірі атанады. «Послание в бутылке» (1999), «Спеши любить» (2002), «Дневник Памяти» (2004), «Ночи в Роданте» (2008), «Дорогой Джон» (2010), «Последняя песня» (2010), «Счастливчик» (2012) и «Тихая гавань» (2013), «Лучшее во мне» (2014) атты романдарына фильм түсірілген болатын.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Николас Спаркс өзінің әйелі Кэтимен 1988 жылы танысып, 1989 жылы үйленеді. Олардың Майлс, Райан, Лэндон атты ұлдары, Лекси және Саванна атты қыздары бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Николас Спаркс
- Николас Спаркс твиттер сайтында
- Николас Спаркспен сұхбат Мұрағатталған 4 сәуірдің 2010 жылы.