Нептунизм
Нептунизм(лат. Neptunus – Нептун – Рим мифологиясындағы теңіз бен су құдайы) – барлық тау жыныстарын бастапқы дүниежүзілік мұхит суы мен “топан суынан” тұну арқылы жаралған деп түсіндіретін, 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында тараған ілім. Нептунизм идеясының негізін жасаған неміс геологы А.Г. Вернер (1749 – 1817) болды, ал оны қолдағандар француз геологы А.Делюк және орыс ғалымдары П.Паллас (1741 – 1811), В.Севергин (1765 – 1826), тағы басқа Нептунийлер жер шарының ішкі және сыртқы қозғалыстарын жоққа шығарды. Сондай-ақ олар барлық тау жыныстарын “бірінші” және “екінші” (флец) деп аталатын екі топқа бөлді. Бірінші топқа граниттер, гнейстер, кристалды тақтатастарды, тағы басқа ал екінші топқа әктастар, тас көмір, гипс, тұздарды, тағы басқа жатқызды және жер бетінде біркелкі тараған деп түсіндірді. Олар жанартаулар мен жанартаулық жыныстарды көмір, мұнай, күкірт сияқты заттардың жер астында өртенуінен, ал тау жыныстарының иіліп қатпарлануы, жарылуы, тау жоталарының биіктеуі осы газдар көлемдерінің кеңеюімен байланысты деп түсіндірді. Нептунистердің табиғатты өзгермейді және “топан суын” аса ірі геологиялық құбылыс деп санауы ғылым мен дінді бітістіруге тырысқан дилювинизм идеяларының таралуына жол ашты. Гранит (Дж. Геттон, 1788) пен базальттың (Н.Демаре, 1768) магмадан жаралғандығының дәлелденуі, көптеген ғыл. идеялардың Нептунизм идеяларымен үйлеспеуі, жаратылыстану ғылымдарынан геологияға эволюц. идеялардың енуі Нептунизмнің ғылыми мәнінің жойылуына себепші болды.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |