Науқанбай Әлмұхамбетов
Көрініс
Науқанбай Әлмұхамбетов (1946-1994), ғалым-математик, математика ғылымдарының кандидаты (1974). ҚазМУ-ды бітірген (1967). 1972 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қарағанды мемлекеттік университетінде еңбек етті. Оның бастамасымен алғаш рет университетте есептеу математикасы кафедрасын ашып, соның меңгерушісі болды. Әлмұхамбетов тау-кен өндірісінің геологиялық процестерін математикалық модельдеу және серпімділік теориялары салаларында 70-тен аса ғылыми еңбек жазды. 3 оқулық пен оқу құралының авторы.
Шығармасы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Серпімділік теориясының шеқаралық есептерінің сандық әдістері. — Численные методы механики сплошной среды (1972);
- Тұтқырлы серпімділіктің айырымдық есебінің шешуінің бар болуы — Новые исследования в вычислительной и прикладной математике (1993).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|