НАСА

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма
(НАСА)
ағылш. National Aeronautics and Space Administration
мөрі
эмблема
НАСА туы
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  АҚШ
Құзыреті ғарышты зерттеу
Құрылған уақыты 1958 жылғы 29 шілде
Оның алдындағы мекеме Ұлттық аэронавтика консультативтік комитеті (3 наурыз 1915 ж.)
Мекемені басқарады АҚШ вице-президенті

АҚШ үкіметі

Жоғарыда тұрған мекеме Америка Құрама Штаттарының федералды үкіметі
Штаб-пәтері  АҚШ Вашингтон
Қызметкерлер саны 17 960 адам.(2021)
Жылдық бюджеті 25,4 миллиард $
Әкімші Билл Нельсон
Бірінші орынбасары Памела Мелрой
Ресми сайты
NASA.gov

Координаттар: 38°52′59″ с. е. 77°00′59″ б. б. / 38.88306° с. е. 77.01639° б. б. / 38.88306; -77.01639 (G) (O) (Я)

«Аполлон-Союз» экипаж костюміне жамау
Кеннеди атындағы әуеғарыш орталығы

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (ағылш. National Aeronautics and Space Administration, қыс. NASA) — аэронавтика және ғарышқа ұшу саласында зерттеулер жасау үшін 1958 жылы құрылған АҚШ үкіметінің агенттігі. НАСА-ның штаб-пәтері Вашингтон қаласында орналасқан. Негізгі алаңы - Флорида штатының Кеннеди ғарыш орталығындағы Канаверал мүйісінде орналасқан.

НАСА-ның ғылыми бөлімі Жерді бақылау жүйесі арқылы Жер ғаламшарын жақсырақ түсінуге; Ғылыми Миссиялар Дирекциясының гелиофизикалық зерттеулер бағдарламасы арқылы гелиофизиканы ілгерілетуге; New Horizons сияқты жетілдірілген роботтық ғарыш кемелерімен қатар Perseverance cекілді планеталық роверлермен Күн жүйесіндегі денелерді зерттеуге; Джеймс Уэбб атындағы ғарыш телескопы арқылы Жойқын жарылыс сияқты астрофизикалық тақырыптарды зерттеуге бағытталады.

НАСА-ның алғашқы ғарыш бағдарламасы 1958 жылы «Пионер» ғарыш кемесінің ұшыруынан басталды. Ол кейінгі басқарылатын ұшуларға арналған мәліметтерді жинау үшін құрастырылған еді.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]