Мазмұнға өту

Мырзабек Төлегенұлы Дүйсенов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мырзабек Төлегенұлы Дүйсенов - 1928 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірт, Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданады. 1953 жылы филология ғылымының кандидаты, 1968 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алды. Көп жыл ҚР ҮҒА жанындағы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очеркін, қазақ әдебиет тарихын жазысуға белсене қатысты.

М.Қаратаевпен бірге орта мектептің орыс кластары үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырған.[1]

Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повесі бар. «Гүлжан», «Ана махаббаты» повестері орыс тілше, «Емтихан» повесі өзбектіліне аударылды.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мен қалай торғай болдым? Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1958;
  • Жолын болсын. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1959;
  • Қалыңдық. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1962;
  • Ана махаббат. Повесть. А., «Жазушы». 1965;
  • Гүлжан сүйеді. Повестер. А., «Жазушы», 1968;
  • Меймандар. Повестер. А., «Жазушы», 1971;
  • Ант. Повестер. А.,»Жазушы», 1974;
  • Үміт. Повестер. А., «Жалын», 1979;
  • Біз күн перзентіміз. Повестер. А., «Жалын», 1983;
  • Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі. Монография. А., ҚМ КӨБ, 1962;
  • Ілияс Жансүгіров. Монография. А., «Жазушы», 1965;
  • Ақын мұраты. Монография. А., «Жазушы», 1967;[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. Қазақ Энциклопедиясы
  3. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл