Мориц Герман фон Якоби
Moritz Hermann von Jacobi | |
---|---|
Мориц Герман фон Якоби | |
туған |
1801 ж. қыркүйектің 09 Потсдам, Kingdom of Prussia |
Қайтыс болды |
1874 ж. наурыздың 10 (72 жаста) Санкт-Петербург, Ресей империясы |
Тұратын жері | Пруссия, Ресей империясы |
Ұлты | Германия |
Салалары | Физика, Инжиниринг |
Институттары | Russian Academy of Sciences |
Еңбегі үшін танылған | Maximum power theorem |
Мориц Герман фон Якоби - Ресей-алман инженері, физигі.
Ауқатты еуропалықтар отбасында дүниеге келген. Болашақ физиктің әкесі Симон Якоби, Пруссия королі ІІІ Фридрихтің жеке қазынашысы болса, ал анасы Рахель Леман үй күтушісі болған. Мориц өзінің білім жолын Берлин университетінде бастап, кейіннен Геттинген университетіне ауысады. Геттингенде курсты бітірген соң, 1833 жылға дейін Пруссия құрылыс департаментінде архитектор болып жұмыс жасайды.
Якоби 1834 жылдан бастап Кенигсбергте электротехникамен айналыса бастайды, міне, осы қызығушылығы оны маңызды өнертабысқа –дүниежүзіндегі ең алғашқы айрықша құрылымды коммутаторы (айналмалы жұмыс жасайтын белдігі) бар электрқозғалтқышты ашуына әкеледі. Ол қондырғы электромагниттердің өзара тартылу және тебілу принципіне негізделген.
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Якоби 1837 жылы Петербургке көшеді. Осы кезеңдері Якоби электрдің әскери істер мен транспортта практикалық қолданылуы тұрғысында жұмыстарын жалғастырады. Якоби академик Ленцпен бірігіп темірдің электромагниттік тартылуы мен магниттелу заңдарын зерттеумен айналысады. Осы жылы Якоби осы жұмысын сипаттап, қолжазбасын Париж ғылым академиясына жіберді. Оның өнертабысы академияның отырысында қаралып, артынан
жұмысы жарияланды. Осылайша 1834 жылдың мамырында Кенигсбергте құрастырылған қозғалтқыш осы жылдың желтоқсан айында барлығына әйгілі болды.
Якобидің жұмыстарын В.Я. Струве, П.Л. Шиллинг атты ғалымдар жоғары бағалап, солардың ұсынуымен Якоби 1835 жылы Дерп университетінің азаматтық архитектура кафедрасына профессор ретінде шақырылады. Осы жылы Якобидің «Машиналарды қозғалту үшін электромагнетизмді қолдану туралы естеліктер» атты еңбегі жарық көреді.1837 жылы Якоби Петербург ғылым академиясының бірқатар мүшелерінің ұсынысы бойынша өзінің электрқозғалтқышының практикада қолданылуын ұсыну жөнінде «Локомотивтерді, қайықтарды және диірмендерді іске келтіру үшін» деп аталатын баяндама хатын жазып, халықты сауаттандыру министрі, академия президенті граф С.С. Уваровқа жіберді. Якобидің осы ұсынысы І Николайға
жеткізіледі. І Николай профессор Якобидің әдісімен машиналарды қозғалысқа келтіретін электромагниттік күш негізіндегі қондырғыға қатысты тәжірибелерді жүргізуге арналған комиссия құруды тапсырады. Ол комиссияны адмирал И.Ф. Крузенштернге басқару тапсырылады, ал ол комиссияға мүшелікке академиктер Э.Х. Ленц, П.Л. Шиллинг және тағы да басқа әйгілі ғалымдар енеді. Бұл жұмысты атқаруға сол заманмен қарағанда өте қомақты қаржы бөлінеді. Сол себепті Якоби Ресейге көшіп кетеді, өмірінің ақырына дейін Ресейді өзінің екінші отаны санады.
Ғалымның ғылыми-техникалық еңбектері сан қилы болды. Якоби вольтагометр деп аталатын электр кедергісін өлшеуге арналған құралды ойлап тапты.
1838 жылы Якоби өзінің ерекше жаңалығын ашты, ол гальванопластикаларын ойлап тауып, жалпы қолданбалы электрохимия саласының негізін салды. Ол телеграфия саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Синхрондық әсері бар телеграф аппаратын құрастырды, дүниежүзіндегі алғаш әріп теретін телеграф құрылғысын ойлап тапты. Гальваний батареяларын құрастырды, орыс армиясында сапёрлық бөлімшелерде гальванийлі топтардың құрылуына себепші болды.
Якобидің жұмыстары лайықты мәртебеге ие болды, 1839 жылы ол императорлық Ғылым академиясының адъюнкт дәрежесіне тағайындалды, 1842 жылы – экстраординарлы, ал 1847 жылы – ординарлы академик атағына ие болды. Б.С. Якоби 1840 жылы гальванопластиналарды ойлап тапқаны үшін Демидов сыйлығын алды, 1840 жылы Париждегі Дүниежүзілік көрмеде Үлкен алтын алқамен марапатталды.
Өмірінің соңғы жылдары ол Петербург ғылым академиясында физика кабинетін басқарды. Мориц Герман фон Якоби 1874 жылдың қараша айының 27 жұлдызында Санкт-Петербург қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Васильев аралында Смоленск лютерандық мазарына жерленді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Мориц Герман фон Якоби |