Мазмұнға өту

Моноқала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Моноқала Степногорск

Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.[1]

Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:

  • қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру);
  • қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
  • қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.

Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста.

Қазақстандағы моноқалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта (2012 ж) қала мәртебесі бар 86 елді мекеннің 27-сі моноқала болып санылады.[1]

Қазақстандағы моноқалалардың тізбесін негізінен халық саны 100 мыңнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.

Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:

1. өндіру өнеркәсіптері басым дамыған – 20 қала:

2. өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:

3. ғылыми-өнеркәсіптік орталық – Курчатов қаласы.

Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:

  1. қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) – Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Алтай (қала)|Алтай, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;
  2. қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) – Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Сораң, Степногорск;
  3. қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) – Кентау, Серебрянск, Текелі.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы