Мойылды санаторий
Мойылды – балшықпен емдейтін бальнеологиялық санаторий. Павлодар облысы Мойылды көшесінің жағалауында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Алматы темір жолының Павлодар станциясынан 17 км (автобус қатынайды) қашықтықта. 1922 жылы ашылған. 350 орны бар (2004). Жыл бойы жұмыс істейді. Климаты континенттік, яғни жазы ыстық, қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы –18С , ал шілдеде 21С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 мм шамасында. Ем ретінде әлсіз сульфитті минералдығы жоғары (1 л суда 250 г минерал, ал рН көрсеткіші 7,4) шөгінді балшық, Мойылды көшесінен алынатын ащы тұзды рапа (сульфат-хлорид, натрий-магний аралас) ванна (былау) ретінде пайдаланылады, минералды суын ішеді. Санаторий сүйек-бұлшық ет (артритті, полиартритті, артрозті, остеохондрозды, радикулитті, т.б.), жүйке жүйесі (невралгия, неврит, невропатия, т.б.), ерлердің жыныс органдарының (простатит, т.б.) және гинекология (созылмалы метроэндометрит, бедеулік, т.б.) ауруларын емдеуге арналған. Сондай-ақ, функционалдық диагностика қою, физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру және стоматол. кабинеттер бар. Ж. Абылаев
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |