Михаил Иванович Фролов
Михаил Иванович Фролов 1953 жылы 2 сәуірде Талдықорған облысының Текелі қаласында туған. Орыс. Әкесі - Фролов Иван Никифорович, марқұм, АЭС диспетчері болған. Анасы - Фролова Елена Петровна, АЭС диспетчері.
- Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген (1974), жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы-оқытушы.
- 1974 жылдан бері - ҚазКСР (ҚР) жеңіл атлетика бойынша ұлттық құрамасының жаттықтырушы-оқытушысы.
Жеңіл атлетикадан ≪Орыс қысы≫ кешенінде өткен халықаралық жарыс жеңімпазы (Мәскеу, 2010) Гроховский Олегті; көп мәрте Азия чемпионы, ғимарат ішіндегі биіктіктен секіруден рекордшы, XXVII Олимпиада ойындарындағы 6-шы орын иегері (Сидней, 2000) Залевская Светлананы; Азияның көп мәрте чемпионы Устинова Аннаны; Әлем кубогының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, ашық кеңістіктегі Азия рекордшысы Аитова Маринаны; жабық кеңістіктегі Азия чемпионы Сыконов Виталийді тәрбиелеген.
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995). ҚР Құрметті дене шынықтыру және спорт қайраткері (2003). Әскери атағы - запастағы прапорщик. Діни көзқарасы - атеист. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Түрақты, өркендеген≫. Үйленген. Жұбайы - Фролова Тамара Михайловна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы. Қыздары - Фролова Ирина Михайловна (1974 ж. т.), Фролова Олеся Михайловна (1982 ж. т.). [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |