Мазмұнға өту

Ментеке

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ментеке
Сипаттамасы
Ұзындығы120 км
Ені30 км
Орналасуы
47°07′10″ с. е. 50°42′21″ ш. б. / 47.11944° с. е. 50.70583° ш. б. / 47.11944; 50.70583 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°07′10″ с. е. 50°42′21″ ш. б. / 47.11944° с. е. 50.70583° ш. б. / 47.11944; 50.70583 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАтырау облысы
ОрналасуыКаспий теңізінің солтүстік жағалауы
Ментеке (Қазақстан)
Ментеке
Жылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Ментеке

Ментеке, МеңтекеКаспий теңізінің солтүстік жағалауын бойлай жатқан шағылды құмды алқап.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нарын алқабының оңтүстігінде, Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылып жатыр, ал ені 30 км-ге жетеді. Теңіз деңгейінен 9 – 14 м төмен орналасқан. Салыстырмалы биіктігі 10 – 11 м. Солтүстігі Нарын құмына ұласады. Құм төбелер мен қырқа аралығында құмды жазық, арна тәрізді ойыстар кездеседі. Оңтүстігі сор, сортаңды құмды-саздақты жазыққа ұласады. Жер бетіне жақын жатқан суы минералды (10-нан 50 г/л-ге дейін).

Ментекеде жусан, жүзгін, бұйырғын, бұталы өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. Құмды алқаптың солтүстік-шығысында (Рүстем құдығы маңында) Бэр төбешіктері кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5