Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров
Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
КСРО, Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры |
Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров 24 қараша 1972 ж. туған — қазақстандық өлкетанушы -тарихшы ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгрессінің бас директоры, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры.
Биография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1972 ж. 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында туды.
1995 ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, "Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері" біліктілігін алдым, сонымен қатар "заңгер" және "инженер-экономист" қосымша біліктіліктері бар.
Жоғары мектеп жүйесінде он жеті жыл бойы қызмет етті. Қатардағы оқытушыдан профессорға, көмекшіден ректорға дейінгі қызмет жолын жүріп өтті. .
2001 жылы "Шығыс Қазақстан күштеп модернизациялау жылдарында (1920-30 жж.)" тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғаса, ал 2006 жылы "Шығыс Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуы" (XIX ғасырдың екінші жартысы - XXI ғасырдың басы) тақырыбына докторлық диссертациясын қорғады..
2013 жылы «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары" қызметіне тағайындалды.
Қазіргі уақытта, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры бола отыра, ғылым саласында, оқу-әдістемелік, әлеуметтік салаларында белсенді еңбек етеді. Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы тарих ғылымдарының 1 докторын және 7 кандидатын дайындады. Мейір Ескендіров сексеннен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының авторы. Бір қатар халықаралық жане республикалық ғылыми академияларының академигі. Халықаралық "Еуразия орталығы" журналының бас редакторы. "Шығыс Қазақстан тарихы (аймақтық тарих)" электрондық журналының авторы, "Шәкәрім" тұлғалық энциклопедиясы редакция алқасының мүшесі болып табылады. .
Еңбек қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 03.2014 - қазіргі уақытқа дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры.
- 04.2013-03.2014 «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
- 11.2012 - қазіргі уақытқа дейін Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгрессінің бас директоры.
- 02.2012-11.2012 С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры.
- 08.2008-02.2012 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.
- 07.2008-08.2008 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры.
- 04.2004-07.2008 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры.
- 08.2001-04.2004 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрылымдарының маркетинг және жалпы мониторинг қызметінің жетекшісі.
- 06.1997-08.2001 «Семей» мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі
- 08.1995-06.1997 «Жоғары оқу орныны дейінгі дайындау факультеті» мекемесінде оқытушы
Атақтары, марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісі (2006 г.)
- «Ы.Алтынсарин» төс белгісі (2008 г.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Құрмет белгісі (2008 г.)
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі(2011 г.)
Ғылыми ізденістерінің бағыттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өлкетанушы ғалым, өлкетану тарихы саласына елулі үлес қосты
- 80 нен астам ғылыми еңбектерінің авторы
- Тарих ғылымдарының 1 докторын жане 7 кандидатын дайындады