Меджимурье жупаниясы
Жупания | |||||
Меджимурье | |||||
xорв. Međimurska županija | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді |
3 қала | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Жупан |
Матия Посавец | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | |||||
Жер аумағы |
729 км² (20 орын) | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
113 804 адам (2011)(17 орын) | ||||
Тығыздығы |
156,11 адам/км² (2 орын) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
HR-20 | ||||
Телефон коды |
+385 40 | ||||
46°27′58″N 16°24′50″E / 46.466°N 16.414°E{{#coordinates:}}: cannot have more than one primary tag per page |
Меджимурье жупаниясы (xорв. Međimurska županija) — Хорватияның солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (жупания), Драва мен Мура өзендерінің аралығында жатыр. Аймақтың тарихи және бейресми атауы — Меджимурье, бұл атау «арасында» (xорв. međi) және Мура өзенінің атауынан шыққан. Меджимурьеде белгілі өнімдер өндіріліп келеді, соның ішінде атақты ірімшік түрі — турош және Хорватияның материалдық емес мәдени мұрасына жататын Светомар шілтері.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жупанияның аумағы — 729 км². Ол Хорватиядағы ең кіші жупания (Загреб қаласынан кейін), бірақ сонымен бірге халық тығыздығы ең жоғары — 156,11 адам/км². Ол Хорватияның ең солтүстік жупаниясы болып табылады: оңтүстікте тек Вараждин жупаниясымен шектеседі. Солтүстік-шығысында Мажарстанмен, солтүстік және солтүстік-батысында Словениямен шекаралас.
Меджимурье негізінен төмен орналасқан, биіктігі 120-344 метр аралығында. Топырағы құнарлы, жалпы аумақтың 729 км²-ден 360 км² бөлігі ауыл шаруашылығына қолданылады. Ормандар мен жайылымдар 105 км² аумақты алып жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихи тұрғыдан Меджимурье ұзақ уақыт бойы Мажарстан патшалығының құрамында болды (1918 жылға дейін және 1941—1945 жылдар аралығында). Дегенмен, жергілікті халық арасында мажарлардың үлесі өте аз болды: ХХ ғасырдың басында шамамен 1/20 бөлігін құраса, қазіргі уақытта 1 пайыздан да аз.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2001 жылғы санақ мәліметтері бойынша, Меджимурье жупаниясының аумағында 118 426 адам тұрды[1], олардың 96%-ын хорваттар құрады[2]. Меджимурьедегі ұлттық азшылықтар арасында мажарлар, словендер, албандар және сығандар бар.
Жергілікті тұрғындар арасында хорват тілінің кайкав диалектісі басым (хорват әдеби тілінің нормасы — штокав диалектісі). Өңірдің халықтық дәстүрлері мен асханасы мажар мәдениетінің айтарлықтай ықпалын сезінген.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Меджимурье жупаниясы 25 әкімшілік бірлікке (3 қала және 22 қауымдастық) бөлінеді:
Қалалар:
- Чаковец, әкімшілік орталығы (15 790 адам)
- Прелог (4 288 адам)
- Мурско Средишче (3 322 адам)
Қауымдастықтар:
- Белица
- Вратишинец
- Горичан
- Горни Михальевец
- Декановец
- Домашинец
- Доньи Видовец
- Доньи Кральевец
- Донья Дубрава
- Коториба
- Мала Суботица
- Неделишче
- Ореховица
- Подтурен
- Прибиславец
- Света Мария
- Свети Мартин на Мури
- Свети Юрай на Брегу
- Селница
- Страхонинец
- Шенковец
- Штригова
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Елді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы.(қолжетпейтін сілтеме) (ағыл.)
- ↑ Қалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2015 жылы. (ағыл.)
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|