Мазмұнға өту

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова
Толық аты

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова

Туған күні

11 қаңтар 1963 (1963-01-11) (61 жас)

Туған жері

 Қазақстан Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі

Белсенділік жылдары

1981 — қазіргі таңда

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандықтары

әнші, солист-вокалист, актриса, профессор

Дауыс түрі

Лирикалық сапрано

Аспаптары

домбыра, гитара, фортепиано қобыз

Жанрлары

эстрадалық романс, джаз, Халық әндері

Лақап аттары

«Қазақ эстрадасының примадоннасы» «Қазақтың ерке қызы» «Орта Азия Бұлбұлы» «Ғасыр әншісі»

Ұжымдары

"Гүлдер" ансамблі, Қазақконцерт

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
makpal.kz

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). Халықаралық конкурстардың лауреаты.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығына кіріп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1988), ұйымдастырушы-әдіскер. 1981 жылдан бері - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Жоғарғы "Ленин-комсомол" сыйлығының иегері (1982 ж.). Халықаралық "Жігер" фестивалінің лауреаты (1983 ж.). Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан). Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1989). «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері (1996, 1997 ж.) Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.). I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогикалық институтының профессоры (1997 ж.).

Әншінің анасы 13 құрсақ көтергенімен, олардың 8-і ғана тірі қалады. Бүгінде әулетте 6 қыз,2 ұл бар. Әкесі өмірден ерте қайтқан, ал анасы ұлы мен келінінің қолында. Жақындарының айтуынша, Мақпал Жүнісова төрт жасынан бастап бес жүз адамға арналған клубта ән айтып, сахнаны еркін меңгере бастаған. Оның әншілігі тойларда, думандарда, әртүрлі мерекелерде ұшталып жатты десе де болады. Мектепте үздік оқып, ата-анасын мақтау қағаздарымен жиі қуантқан. Әкесі Мұхамедияр қарапайым шаруа адамы болса да, табиғатынан дана кісі. Мақпалды үшінші сыныпта Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелу керек деген ой осы әкесінің шешімі болған. Көп ұзамай әнші аталған мектепте музыкалық білім алып қана қоймай, орыс тілін меңгере бастайды.[1]

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін 1988 жылы бітірді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Лениндік комсомол сыйлығы — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін (1982 ж.)
  • Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан).
  • Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан).
  • Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1991)
  • Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.)
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.).
  • I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).
  • Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1998 ж.).
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
  • "Платиновый Тарлан" премиясын алды (2001 ж.)
  • Қарағанды облысының құрметті азаматы (2002 ж.).
  • "Тәуелсіз Тарлан" сыйлығының иегері (2003 ж.).
  • «Звезда созидания» ордені (2004)
  • Үрімші ауданының құрметті азаматы (Моңғолия, 2006 ж.)
  • "Астана" медалінің иегері (2007 ж.)
  • "Алтын Адам" сыйлығының иегері (2009 ж.)
  • "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" төсбелгісінің иегері (2011 ж.).
  • "Алтын микрафон" статуэткасы (2014 ж.)
  • "Сахна ханымы" атағы (2014 ж.)

Хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1981 - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі.
  • 1985 - Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (Қырғызстан)
  • 1987 - Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (Өзбекстан)
  • 1996, 1997 ж. - «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері
  • 1998 - Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері
  • 1996 - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
  • 1997 - I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры
  • 2007 - "Астана" медалінің иегері
  • 2007 - Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
  • 2011 - "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" төсбелгісінің иегері
  • 2011 - Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының факелін алып жүрді
  • 2013 - ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнісованың құрметіне "Мақпал" сән үйлері жүйесі ашылды
  • 2013 - Германия, Монғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Франция, Индия мемлекеттеріндегі концерттік турне
  • 2014 - "Алтын микрофон" статуэткасы
  • 2014 - "Сахна ханымы" атағы.[2][3][4][5][6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://sputniknews.kz/spravka/20181127/8238122/makpal-junisova-turaly-ne-bilemiz.html
  2. Кожиров Б. «Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары» 2010 жылы
  3. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл.ISBN 9965-17-134-3
  4. КСРО-ның даңқты музыканттары, энциклопедия. - Ресей, Москва, 1988.
  5. Алтын дауыстар - Қазақстан, Алматы, 1999
  6. Әлемге танылған Қазақтар-энциклопедия- Қазақстан, Атырау-2004.