Мансұр Сағатов
Мансұр Сағатов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Аспаптары |
Мансұр Сағатов (2 қаңтар 1939 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылы — 29 тамыз 2002 жыл, Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1983), Қазақстанның халық артисі (1990).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]К.Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебінің флейта класында оқыған.
1963 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор В.В. Великановтың композиция класы бойынша) бітірген.
1963 — 74 жылдары Қазақ радиосы музыкалық редакциясының редакторы, бас редакторы, директоры қызметтерін атқарды.
1974 — 86 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі жанындағы репертуарлық-редакциялық бөлімнің музыка жөніндегі аға редакторы болды.
1974 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында педагогтік қызметті қатар атқарды (1984 жылдан доцент).
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сағатовтың шығармашылық жолы студенттік кезден басталады. Сол жылдары ол шекті аспаптар квартеті үшін сюита; виолончель мен фортепианоға арналған экспромт; қазақтың халық әні “Ләйлімнің” негізінде вариациялар жазды. Алғашқы үш бөлімді симфониялық шығармасымен дипломдық жұмысын қорғаған (кейін бұл шығармаға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілген, 1967).
Скрипка мен оркестрге арналған концерті (1967), симфониялық оркестрге арналған “Мерекелік увертюрасы” (1972), “Мерген” симфониялық күйі (1976), “Мемориал” атты симфониялық сюитасы (1979), “Диалогтар” поэмасы, “Ақын толғауы”, (1972, Ж.Жабаев өлеңіне жазылған), “Мерекелік кантата” (1980), “Достық елі” кантаталары (1982, өлеңдері Қ.Мырзалиевтікі) “Әлия” атты екі актілі балеті (1978, либреттосы Ж.Байдаралиндікі), т.б. көркемдік деңгейі жоғары шығармалар жазды.
Cағатовтың “Туған ел”, “Алматым менің”, “Бақыт құсы”, “Той кеші”, “Мені ізде”, “Кел биле”, “Кешегі арман — он жеті” сияқты көптеген әндері мен романстары халық арасына кең тарап, жұртшылықтың көңілінен шыққан туындылар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 2 қаңтарда туғандар
- 1939 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жәнібек ауданында туғандар
- 29 тамызда қайтыс болғандар
- 2002 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақ радиосы редакторлары
- Қазақ радиосы бас редакторлары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері