Мазмұнға өту

Мандрагора

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мандрагора
Mandragora officinarum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Solanales
Тұқымдасы: Solanaceae
Кіші тұқымдасы: Solanoideae
Тайпасы: Mandragoreae
Тегі: Mandragora
L.
түрлері

3-5 түрі белгілі

Мандрагора (лат. Mandragora) – алқалар тұқымдасына жататын өсімдік түрі. [1].

6 түрі бар, пайда болған жері Жерорта теңізі және Гималай. Ең танымал түрі — емдік мандрагораның (М. officinarum) жапырағы сопақтау, сабағы қысқа, тамыры жуан, қою, тармақталған болып келеді.

Мандрагораның құрамы бұрыннан улы қасиетімен танымал. Ерте дәуірде оны есірткі және қоздырғыш құрал ретінде пайдаланған, сиқырлық қасиеті де бар деп болжалған.

Адамның кескінін еске түсіретін тармақталған тамырын жерден жұлып алған кезде айқайлайды екен, бұл дауысты естіген кез келген адам сол жерде көз жұматын немесе есінен адасып қалатын болған. Алайда, мандрагора тыныш ұйқы сыйлаған, жараны жазған, махаббатты оятқан, әйелдердің жүкті болуына септігін тигізген.

Солтүстік Америкада «мандрагора» (mandrake) атауы көктемде гүлдейтін орман өсімдігі - подофилге (Podophyllum peltatum) қатысты жиі қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>

  1. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)