Мазмұнға өту

Мадагаскар (арал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мадагаскар
Үлгі:Lang-mg
Сипаттамасы
Ауданы587 041 км²
Ең биік нүктесі2961 м
Тұрғындар (2008 жыл)20 042 552 адам
Халық тығыздығы34,142 адам/км²
Орналасуы
19°20′ о. е. 47°04′ ш. б. / 19.333° о. е. 47.067° ш. б. / -19.333; 47.067 (G) (O) (Я)Координаттар: 19°20′ о. е. 47°04′ ш. б. / 19.333° о. е. 47.067° ш. б. / -19.333; 47.067 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияҮнді мұхиты
Ел Мадагаскар
Мадагаскар (арал) (Мадагаскар)
Мадагаскар
Мадагаскар Ортаққорда

Мадагаскар – көлемі жағынан Жер бетіндегі ең үлкен аралдардың ішіндегі төртіншісі. Мадагаскар аралы Үнді мұхитында, Африканың шығыс жағасында, Мозамбик бұғазымен бөлінген.

Тропиктіктік климатқа ие, оңтүстігі субтропиктік климатқа жатады. Арал ұзындығы -1600 км, ені - 600 км-дан жоғары, ауданы - 587 040 км2. Аралда Мадагаскар мемлекеті орналасқан (астанасы - Антананариву). Ең жоғарғы нүктесі - сөнген Марумукутру (2876 м) болып табылады. Ол аралдың солтүстігінде, Царатанана таулы аймағында орналасқан. Аралдың орталығында биік таулы Анджафи шоқысы бар. 2600 м биіктегі 5 таулы тізбек алтын, мыс, темір секілді минералдар мен металлдарға бай.

Топографиялық жағынан Мадагаскарды бірнеше аудандарға бөлуге болады:

  • Антсиранана – аралдың солтүстік бөлігі, бұл биік таулы
  • Махаджанга – ауыл шаруашылығымен айналысатын, үлкен порты бар
  • Толиаре – бұл мейлінше құрғақ аймақта басты минералды

Мадагаскардың шығыс бөлігі құрғақ, әрі өте ыссы климаты. Аралдың ішкі таулы аймақтарында халық мейлінше тығыз қоныстанған. Құрлықтан Мозамбик бұғазы бөліп тұр, жағалау сызығының ұзындығы-4,8мың км.

Аралдың ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Алғашқы мемлекет құрлымдыры 14 ғ-да пайда болды. Бұл мемлекет Имерина деп аталды. 16 ғ-дан аралға еуропа отаршылар әсіресе француздар орнығуға тырысты. 19 ғ-дың басында Имерина барлық аралды біріктіріп, Мадагаскар патшалығын құрды. 19 ғ-да Мадагаскар үшін ағылшын-француз бәсекесі күшейді. 1883 жылы Мадагаскарға француз әскерлері басып кіріп, арал үкіметі Франция протекторатты – ғын мойындауға мәжбүр болды (1885). 1895 жылы Франция Мадагаскарға қайта шабуыл жасап (1896, тамыз) Имерина монархтарының бидігін жойды (1897). Франция отаршылық жылдары Мадагаскардың адам күші мен табиғи қорын аяусыз пайдаланды. 10 млн. га шұрайлы жерлер мен орман алқаптары жергілікті халықтын тартып алынды. Мадагаскар халқының ұлт-азаттық күресі 2-дүниезүжілік соғыстан кейін өрши түсті. Нәтижесінде 1958 жылы қазан айында Мадагаскарға Франция бірлістігі аумағындағы автоном. құқық еркіндігі берілді. 1960 жылы 26 маусымда Мадагаскардың тәуелсіздгі жарияланып, елдің аты байырғы халық атымен үйлестіріліп, ресми түрле Мальгаш (Малагасия) Республикасы деп аталды. 1972 ж. билік әскери-азаматтық топтардың бақылауына көшті. Олар ұсын – ған “Малагаси социалистік революциясының Хартиясы” атты құжат бойынша, Мадагаскар “Социалистік бағдарға” ауысып, кейбір өндіріс салалары мемлекеттік меншікке көшірілді. 1991 маусым айында аралда халық толқулары басталды. Оппозиция топтар жалпыхалықтық референдум бойынша 1992 жылы тамызда жаңа ұлттық конституция жариялады. Жаңа заңға сәйкес елдің аты Мадагаскас Республикасы болып өзгертілді. Халқы. Халқы 16,4 млн. (2003). Негізгі тұрғындары малага- сийліктер (98%). Ресми тілдері – малагасий және француз тілдері. Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%).

Мадагаскар Африкадан өте алыс орналаспағандығымен, биосферасы мүлдем өзгеше. Мұндағы эндемик түрлердің көп болуынан Мадагаскарды «кіші континент» деп те атайды. Осы бір елде өсетін өсімдіктердің шамамен 90 пайызы басқа еш жерде кездеспейді. Мадагаскар аралының шығыс және батыс жағалаулары аласа, жайпақ келеді; шығыс жағалаулары құм төбешіктер, батыс жағалауы – маржан рифтері. Солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігіндегі жағалауы биік жартасты, қатты тілімделген. Аралдың климаты тропиктік; солтүстік-батысында – экваторлық муссон климаты; шығыс жақ теңіз жағалауындағы ойпаттар мен үстіртті климаты ыстық әрі ылғалды. Айлық орташа температура 13 – 20ºС-тан 27 – 33ºС-қа дейін, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 мм-ден асады, ал кей жерлерінде 3000 мм-ге жетеді. Елдің шығысында тропиктік мәңгі жасыл ормандар өседі. Жер қойнауында алтын, графит, уран, т.б. қымбат тастар мен минералдардың кен орындары бар. Теңіз жағалауында мангр тоғайлары басым. Оңтүстік-батыс шетін тропиктік шөлейт алып жатыр. Мадагаскар аралы Африкадан өте ертедегі замандарда оқшауланғандықтан флорасы мен фаунасында көрші құрлыққа қарағанда үлкен айырмашылық бар. Өзен торы жиі, өзендерінің суы мол.

Аумағы 587 041 км² Ең биік нүктесі 2961 м Халкы 2008 ж 20 042 552 адам. Халық тығыздығы 34,142 адам./км²

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Madagascar