Лепсі шаруаларының көтерілісі
Лепсі шаруаларының көтерілісі (1930 жылы 27 наурыз — 7 мамыр) — Жетісудың Лепсі, Ақсу аймағы қазақтарының Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы бас көтеруі. Олардың қатары ресми деректерде 1000 адамға дейін жеткен. Көтерілісті Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ұали Сатырбайұлы басқарды. 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алып, мемлекеттік мекемелерді өртеді, телеграф бағаналарын қиратты. ОГПУ органдары көтерілісті басу үшін 25 адамдық жасақ аттандырды. Қару-жарағы жеткіліксіз көтерілісшілер өкімет әскерімен алғашқы қақтығыста ойсырай жеңіліп, Балқаш көлі маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан секілді бұйрат құм шоғырларын, жыңғылды мекендерді тасалап жүрді. Көтерілісті біржола басу үшін Кеңес өкіметі қосымша әскер жіберді. Жеңілген көтерілісшілер Қытай жеріне өтуді көздеді. Көтерілісшілердің соңдарына түскен атты әскер оларды құм ішінде қырғынға ұшыратты. Қытай жеріне тек Егеубек Жанбайұлы бастаған аз ғана топ өтіп үлгерді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |